Әлемдік қор нарығындағы дүрбелеңнің әсерінен биткоин бағасы 11%-ға құлдырады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Биткоиннан кейін алтын бағасы да 0,82%-ға төмендеп, унциясы үшін 2,423,19 долларды құрады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

5 тамыз биткоиннің бағасы 10,8%-ға төмендеп, 52 827 мың долларды құрады деп хабарлайды CoinDesk.

Соңғы бес сессияда криптовалюта жыл басынан бері шамамен 26% өскенімен, бастапқы құнынан 21%-дан астамға қайта құлдырады.

Ether бағамы 15,3%-ға төмендеп, 2 330 мың долларға жетті. Бұл – 2021 жылдан бері рекордтық құлдырау.

Goldman Sachs сарапшыларының дерегінше, тәуекелді активтердің құлдырауына өткен аптада жарияланған статистикалық мәліметтерден кейін, АҚШ-тағы рецессия қаупінің күшеюі себеп болды.

«АҚШ экономикасы келесі жылы 25%-ға төмендеуі мүмкін. Бұл – бұрын болжанған 15%-дан жоғары», – деп хабарлады Goldman Sachs.

Сарапшылардың болжамынша, Федералдық резервтік жүйенің осы аптада кезектен тыс отырыс өткізу мүмкіндігі 60%-ды құрайды.

«Нарық дүрбелең режимінде», – деді Bitget криптовалюта биржасының басшысы Грейс Чен.

Бұл ретте алтын бағасы да 0,82%-ға төмендеп, унциясы үшін 2,423,19 долларды құрады.

«Алтынның құбылмалылығы акциялар нарығындағы дүрбелең деңгейін көрсетеді», – деді бағалы металдар саудасына негізделген сауда алаңы Bullionvault сарапшысы Адриан Эш.

Еске сала кетсек, алтынның бағасы 2024 жылғы 17 шілдедегі сауда-саттық барысында бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткен еді.

2024 жылғы 25 наурыздағы сауда саттықтың нәтижесі бойынша Bitcoin бағасы 7,15% өсіп, 70 900 долларға дейін қымбаттаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз