Баян мен Тұрсынғали Алагөзовтер сәбилі болғанын жариялады

Жарияланды 5 Тамыз 2024 17:14

(жаңартылды 5 Тамыз 2024 17:58)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Баян Алагөзова үшінші қызын дүниеге әкелді / фото: bayanmaxatkyzy парақшасынан

Танымал продюссер Баян Алагөзова мен оның жұбайы Тұрсынғали Алагөзов сәбилі болды. Бұл туралы продюссер өз Instagram парақшасында жариялады.

«Біз сені ұзақ күттік. Біздің үш келілік бақытымыз. Біздің қызымыз дүниеге келді. Алагөзова… Турсынгалиевна», – деп жазды ол

Сондай-ақ Баянның үлкен қызы Айсәуле Бақытбек те өз Instagram парақшасында сіңілісі дүниеге келгенін растады.

«Біздің арамызда 28 жас айырмашылығы бар, біз сені күттік! Біздің отбасымызға қош келдің!», – деді Айсауле.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін продюссер Баян Алагөзова жеке басты қорлау ісі бойынша танымал тележүргізуші Дана Орманбаеваны сотқа берді. Наурыз айында Алагөзова зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығының іске қосылғаны туралы хабарлаған. Дана Орманбаева продюсердің бастамасын сынға алған. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде Орманбаева мен Алагөзова бір-біріне қарсы пікір білдірген.

Сондай-ақ оқыңыз