Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке Тараздан 5 бөлмелі пәтер берілді

Жарияланды (жаңартылды )
Елдос Сметовке Тараздан 5 бөлмелі пәтер берілді / коллаж kursiv.media

Қазақстандық дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке туған жері – Таразда 5 бөлмелі пәтер берілді.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Олимпиада чемпионына пәтер мен Lexus 600 көлігінің кілтін табыс етті.

Чемпионның бапкері Ғалымжан Жылгелдиев марапатсыз қалмады – 2 бөлмелі пәтер алды.

Париж Олимпиадасының алғашқы жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын түсті. Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанды.

Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдошылар елге оралды. Алматы халықаралық әуежайынан спортшыларды халық ыстық ықыласпен қарсы алды.

Спортшыларды күтіп алу салтанатына елімізге белігілі қоғам қайраткерлер мен спортшылар да келді. Олардың ішінде Амалбек Тшанов, Ермахан Ибраимов, Бейбіт Ыстыбаев, Ислам Байрамуков бар.

Сондай-ақ оқыңыз