Алматы облысында футуристік ғылыми қалашық салынады
Алматы облысында Академиялық Алатау ғылыми қалашығы бой көтереді. Жаңа қалашық Үлкен Алматы айналма жолына жақын жерде, Құлжа тас жолы мен Үлкен Алматы каналының қиылысында орналасады. Бұл туралы жобаның тұсаукесері кезінде белгілі болды.
Қала құрылысы тұжырымдамасы өмір сүруге, жұмыс істеуге және оқуға қолайлы жағдай жасауға арналған. Жаңа қалашық орталығы қуатты білім беру кластері болмақ. Оның ішінде студенттерге ыңғайлы жатақханалары бар заманауи университет кампустары орналасады.
«Біз жай ғана қала емес, инновациялық экономиканың нағыз ұстаханасын құруға ұмтылудамыз. Академиялық ғылыми қалашыққа келген дарынды жастарды, ғалымдарды, алға ұмтылған кәсіпкерлерді өз әлеуетін танытуға мүмкіндік береді. Осында оларың дамуы мен өсуі үшін барлық жағдай жасалады», – деп атап өтті Алматы облысы сәулет басқармасының басшысы Болат Мұсылманбеков.
Ғылыми қалашықта білім беру мекемелерінен басқа педагогикалық кадрларды, ғылыми қызметкерлерді және инновациялық сала мамандары мекендейтін, инфрақұрылымы дамыған аудандар салынады. Көпсалалы орталықтар, сауда-ойын-сауық кешендері, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету нысандары, жасыл демалыс аймақтары – мұның барлығы Ғылым қалашығының ажарын аша түспек. Қала тұрғындарының саны 61 200 болады деп күтілуде.