10 жылдық кезеңде облигациялар кірісі жағынан акциялардан асып түсуі мүмкін – Vanguard

Жарияланды
Vanguard инвестициялық компаниясы осындай болжам жасап отыр / shutterstock

Осы аптадағы акциялар нарығының құлдырауы алдағы уақытта кірістің төмендейтінін аңғартқандай болды. Әрі бұл ұзаққа созылуы да ықтимал. Vanguard инвестициялық компаниясы осындай болжам жасап отыр. Қазіргі сәттегі акциялардың жоғары бағасы 10 жылдық кезеңде облигациялардың тиімді инвестицияға айналуына жол ашпақ.

Толығырақ

Ірі технологиялық компаниялар кірісінің нәтижесінде қор нарығы айтарлықтай өсті. Алайда қазіргі уақытта акциялардың бағасы тым жоғары сияқты болып көрінеді деп жазды Barron’s Vanguard экономисі Кевин Хангқа сілтеме жасап. Сонымен қатар АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлемелердің жоғарылығына байланысты облигациялар қазір соңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді. «Акциялардан гөрі дәл осы сәтте облигациялар тартымдырақ», – дейді Ханг.

Vanguard алдағы он жылдағы америкалық акциялардың жылдық кірісін 3,4%-дан 5,4%-ға дейін қалыптасады деп болжам жасап отыр. Компанияның АҚШ облигациялары бойынша орташа мерзімді болжамы оптимистік сипатқа ие – жылына 4,6%-дан 5,6%-ға дейін өседі. Barron’s атап өткендей, облигацияларды таңдау инвестициялық алпауыт үшін батыл қадам болып саналады. Акциялар әлдеқайда құбылмалы болғанымен, кейінгі 100 жылда олар шамамен 10,2%-дық орташа кірісті қамтамасыз етті. Бұл облигациялардың орташа кірісінен екі есе жоғары.

Акциялардың жайы

Vanguard-тың акцияларға қатысты сақтық танытуы олардың шамадан тыс бағалануына байланысты болып отыр. Тарихи тұрғыдан алғанда, S&P 500 индексі бойынша акциялар бағасының компаниялардың күтілетін жылдық кірісіне қатынасы (P/E) шамамен 19-ға тең болса, қазір америкалық «көгілдір фишкалардың» акциялары орташа есеппен P/E 25 мультипликаторымен саудаланады деп атап өтті Ханг. P/E бірнеше жыл бойы жеткіліксіз болуы да мүмкін. Соған қарамастан Vanguard қор нарығы ақыр соңында қалыпты жағдайға ораларына сенімді. Жақын болашақта акциялардың бағасы төмен болатынын да алға тартып отыр.

Ханг акциялар бағасының жоғарылығы ірі технологиялық компаниялар кірісінің қомақты өсімімен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Көлемінің үлкендігіне қарамастан, «Таңдаулы жетілік» компаниялары кейінгі жылдары табысын екі таңбалы цифрға дейін арттыра алды. Жағдай мұндай деңгейде жалғаса бермейді, дейді Ханг.

Облигациялар үшін тиімді шақ

Акционерлермен салыстырғанда облигация иелері қиын жылдарды бастан өткерді. АҚШ Федералды резерві 2022 және 2023 жылдар дересінде негізгі мөлшерлемені көтерсе де, облигациялардың бағасы төмендеді. Алайда қазір қарыз қағаздарының инвесторлары әлдеқайда жақсы жағдайда тұр. Бондтар тартымды кірісті ұсынады және қыркүйек айында Уолл-стрит трейдерлерінің көбі есептегендей, ФРЖ ставканы төмендете бастағанда қолайлы сәтті пайдалана алады.

Хангтың айтуынша, Vanguard 10 жылдық болжамда облигациялардың жылдық кірісін шамамен 5% деп белгілеп отыр. Бұл жерде трежеристің бүгінгі 10 жылдық кірістілігінің 4%-ын және тәуекел сыйақысының шамамен бір пайыздық тармаққа тең болатынын қосып отыр. Barron’s-тың жазуынша, Vanguard Intermediate-Term Corporate Bond Index қоры орташа ұзақтығы (инвестицияның қайтарымы) 7,4 жыл болатын жылдық 5,1% кірістілікпен мақтана алады. Аталған ставкаларды бекітуге дайын инвесторлар оларды 2030 жылдарға таман пайдалана алады.

Сондай-ақ оқыңыз