Апелляциялық сот Талдықорған полициясының басшысына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Апелляциялық сот Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Көштібаевқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы «Курсивке» Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Көштібаев осыған дейін өз кабинетінде адам зорлағаны үшін 11 жылға сотталған.
«Жетісу облысы сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасы Көштібаевқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды», – делінген хабарламада.
Жетісу облыстық сотының ақпаратына сүйенсек, Марат Көштібаевқа 2023 жылғы 12 қарашада қызметтік міндеттерін атқару кезінде жәбірленушіні полиция ғимаратындағы өз кабинетінде зорлады деп айып тағылған.
Прокурор оған ұсынылған бап бойынша ең көп жаза мерзімін — 12 жыл тағайындауды сұраған. Сот 30 сәуірде оны 11 жылға соттау туралы шешім шығарған.
Талдықорған қалалық полиция басшысы Марат Күштібаев 2023 жылы 13 қарашада әйел зорлады деген күдікпен қамауға алынған.