Жаңалықтар

Қазақстандық автошабандоз Таиландта теңізге батып кетті

Автогонщик из Казахстана погиб в Таиланде
Қазақстандық автошабандоз Таиландта қаза тапты / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Қазақстандық автошабандоз Таиландтағы демалысының алғашқы күнінде теңізге батып кетіп қайтыс болды. Ақпаратты Қазақстан СІМ растады. Informburo басылымы марқұмның әйгілі автошабандоз екенін жазады.

Қазақстандық Евгений Сапогов демалысының бірінші күні теңізге батып кетті. Informburo ақпаратына сүйенсек, қаза тапқан азамат – Қазақстанда автокросс пен раллиде өнер көрсеткен титулды автошабандоз. 

Ер адам демалысқа Пхукетке ұшып келген. Елде 60 күн болу үшін виза алған. Көп ұзамай ол өзі тұрған қонақүйдің жанында теңізге батып кеткен. Бастапқыда бұл туралы Phuket News хабарлаған.

БАҚ Сапоговтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты 31 шілде күні түстен кейін ТЖ жөніндегі провинциялық орталықтың қызметкерлері айтқанын жазады. Олар оқиға туралы полицияға хабарлаған. Евгений Сапогов 57 жаста болған.

Маусымда Қырғызстанның Ош облысының Ноокат ауданында селден мерт болғандардың денелері табылған. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстаннан барған екі баланың көз жұмғанын, тағы екі адамның іздестіріліп жатқанын хабарлаған еді.

Көрші ел тағы екі баланың табылғанын мәлімдеген. Сыртқы істер министрлігі марқұм балалардың туыстарына қажет құжаттарды рәсімдеуге көмектесуде. Нөсерден кейінгі селден соң қазақстандық төрт бала көз жұмды.