Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі көліктердің әйнегін қараңғылау талаптарын түсіндірді

Алдыңғы және алдыңғы бүйір әйнектерді қараңғылау тек өндірісте рұқсат етіледі / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Ішкі істер министрлігі көліктердің әйнегін қараңғылау талаптарын түсіндірді. Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, жолда жүру қағидаларына сәйкес көлік құралдары Техникалық регламенттердің талаптарына сай болуы керек.

Бұл ретте ол екі негізгі мәселені атап өтті. Біріншісі, жүргізуші орнынан көруді шектейтін қосымша жабындардың болуына жол берілмейді. Оларға барлық пленка, перде, жапсырма жатады. Бұл талап тек алдыңғы әйнекке және алдыңғы бүйір әйнектерге қатысты.

«Екіншісі, әйнектерді қараңғылауға және бояуға тек оларды дайындаған кезде ғана рұқсат етіледі. Себебі шыны жасайтын кәсіпорын оның жарық өткізгіштігін тексереді. Ол кем дегенде 70% болуы керек және олар әйнекке сертификат береді», – деді ІІМ өкілі.

Осылайша алдыңғы және алдыңғы бүйір әйнектерді қараңғылау тек өндірісте дайындалады. Автокөлік жиналғаннан кейін пленкалар жабыстыруға болмайды.

«Бұл қағидалар жол қауіпсіздігін және жүргізушілер үшін көру аумағын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған», – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы.

Бұған дейін «Қазақстанда» көліктердің алдыңғы әйнектерін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін бе?» деген сұраққа Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев жауап берді. ІІМ өкілі бұл тыйым кезінде жүргізушілер мен жолаушыларды анықтаудағы қиындықтарға байланысты енгізілгенін жеткізді.