Алматыда аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына айыппұл салынды

Алматы қаласы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына айыппұл салынды. Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлады.
«Бизнес өкілінің шағымы бойынша Түрксіб ауданының Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының рұқсат құжаттарынан айыру туралы заңсыз бұйрығы анықталды. Қадағалау актісі бойынша аталған бұйрықтың күші жойылып. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабы бойынша жауаптылыққа тартылды», – деп хабарлады прокуратура.
Ведомство кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмысы ерекше бақылауда екенін атап өтті. Бұл ретте шағым түсірген бизнес өкілі – Samal су шығаратын компания екенін атап өтті.
Бұған дейін 25 шілдеде Samal суын өндіруші «Бизнес Парк Навигатор» компаниясы лицензиясынан айырылды. Алматы қаласы Түрксіб аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бұйрығымен лицензияның күші жойылды.