Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
6 қалада ауа сапасы нашарлайды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Артур Алескеров

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 7 тамызда Қазақстанның 6 бірдей қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті. Ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар әсер етеді.

Синоптиктердің болжамынша, Астана мен Алматы, Риддер мен Өскемен, Атырау мен Қостанай қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Атырау мен Қостанайда ауа сапасы түнде нашарлайды.

Қолайсыз ауа райы жағдайы – атмосфералық ауаның жер қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін жел, тұман және инверсия сияқты қысқамерзімді факторлардың жиынтығы. Бұл жағдайлар ауа сапасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

2023 жылы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық мониторинг жүргізіп, нәтижесінде еліміздің 8 қаласында атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейге көтерілгенін анықтаған. Олар – Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш және Өскемен қалалары. Әлемнің ең лас қалалары рейтингінде Астана 74-орында тұр. 

Сондай-ақ оқыңыз