Жаңалықтар

Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшағына зақым келтірген

Астана әуежайында FlyArystan ұшағына зақым келген / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

5 тамызда Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтіріп, осының салдарынан ұшақ бірнеше күнге мәжбүрлі тұраққа қойылған. Бұл туралы Air Astana компаниялар тобы хабарлады.

Дәлірек айтқанда, әуежай баспалдақтарын дұрыс қолданбағандықтан, ұшақтың артқы кіреберіс есігі бұзылған.

Компания жөндеу құнының жоғары болатынын атап өтіп, оқиға әуекомпаниясы кестесіне, рейстердің уақытылы орындалуына кері әсер ететінін жазған. 

Бұдан бөлек, жазғы маусымның басынан бері Астана әуежайындағы ұқыптылық пен басқа да операциялық қиындықтар көбейгенін хабарлаған.

«Air Astana рейстердің уақытылы орындалуына кері әсер ететін факторларды жою үшін Астана халықаралық әуежайын шұғыл шаралар қабылдауға шақырады. Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін осы мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастыққа үміттенеді», – делінген хабарламада.

Компания осы мәселені көтергеннен кейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің соңғы уақытта әуе кемелеріне келтірілген залал оқиғаларының жиі болуына байланысты елордалық әуежайда жоспардан тыс инспекциясы өткізетіні белгілі болды..

Айта кетейік, 5 тамызда Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер «Курсивпен» болған эксклюзивті сұхбатында топ рейстерінің жиі кешігуінің себептерін түсіндіріп, сонымен қатар жақын арада қандай жаңа бағыттар ашылатынын айтқан.

Әуе компаниясы 2024 жылдың қаңтар-маусымы аралығындағы қорытынды есебін жариялады. Алғашқы алты айдың нәтижесі бойынша компанияның шоғырландырылған кірісі 12,9%-ға артты. Air Astana бір жыл бұрынғы 519,1 млн доллармен салыстырғанда 586,2 млн доллар табыс тапты. Ең жоғары жолаушы километрінің саны бірінші жартыжылдықта 11,8%-ға өсті. Ал максималды жолаушылар километріне шаққандағы кіріс 1%-ға артты.