«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының» басшысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының» басшысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды / Фото: kursiv.media

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Олжас Ағабеков 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

«2024 жылдың 2 тамызында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ бұрынғы басқарма төрағасы О. Ағабековке қатысты үкім шығарды», – делінген хабарламада.

Ағабеков Дубай қаласында (БАӘ) экологиялық іс-шараны ұйымдастыру кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қауымдастығының жалпы сомасы 121,6 млн теңге қаржысын жымқырғаны, көміртегі бірліктерін сатып алу-сату шартын тіркеуге жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 35 млн теңге мөлшерінде пара алғаны, сондай-ақ жалпы сомасы 8,2 млн теңгеге басшы құрамға заңсыз сыйақы бергені үшін сотталған.

Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Осыған дейін бұрынғы төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев бес жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болған.

Сондай-ақ оқыңыз