Қазақстанда ірі қара және қой мен ешкіні елден шығаруға шектеу енгізілуі мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Қазақстанда ірі қара және ұсақ малды елден шығаруға шектеу енгізілуі мүмкін / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазақстанда ірі қара малды, қой мен ешкіні ел аумағынан шығаруға шектеу шаралары жүргізілуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықты «Ашық НҚА» жүйесінде жариялады.

Бұйрыққа сәйкес, елден жануарларды квота бойынша шығару ұсынылған. Шектеу Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне де қолданылады. Берілетін квоталар көлемі: ірі қара малға – 85 мың бас бұқа, қой мен ешкіге – 120 мың бас деп бекітілген.

«85 000 бас бұқашық мөлшерінде тірі ірі қара малды, 120 000  бас еркек тоқты мөлшерінде тірі қой және ешкілерді Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге квота қою», – делінген бұйрықта.

Бұйрық «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, оны талқылау 2024 жылдың 13 тамызына дейін жалғасады.

Осыған дейін Қытай Қазақстанмен бидай саудасын тоқтатқанын мәлімдеген. Бұған себеп ресми Бейжіңнің импорт ережелерін біржақты өзгертуі. Салдарынан қазақстандық астық бағасы арзандауы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз