Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Бангладешке бармауға шақырды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
СІМ қазақстандықтарды Бангладешке бармауға шақырды / коллаж kursiv.media (gov.kz и REUTERS/Mohammad Ponir Hossain), бильд-редактор: Денис Андреев

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Бангладеш Халық Республикасына бармауға, ал қазір осы елде жүрген азаматтарды үйден шықпауға шақырды. Бангладеште қазір жаппай наразылық акциялары болып жатыр.

«Бангладеш Халық Республикасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін барудан уақытша бас тартуды ұсынады», – делінген СІМ хабарламасында.

Министрлік қазір Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарын аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуге, сақтық пен қырағылық танытып, жаңалықтарды қадағалауға және биліктің ұсынымдарын орындауға шақырды. 

Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтары және олардың туыстары қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 720111 (кезекші дипломат), +7 705 443 33 32 (ұялы телефон, WhatsApp) нөмірлеріне хабарласа алады.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Үндістан мен Бангладештегі елшілігімен де байланысуға болады: +91 1145 555 106, +91 9667 118 363.

REUTERS/Mohammad Ponir Hossain, бильд-редактор: Денис Андреев

Айта кетейік, 5 тамыздан бастап Бангладештегі жаппай наразылық күшейе бастады. Студенттер наразылығы әсерінен премьер-министр Шейх Хасина отставкаға кетіп, Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады. Наразылыққа елдегі жұмыссыздықтың жоғары деңгейіне қарамастан, мемлекеттік қызметкерлерге берілетін жоғары квота әсер еткен.

6 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігі бірқатар өңірлерде жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына Ротерхэм, Болтон, Блэкпул, Халл, Бристоль, Сток-он-Трент, Белфаст, сондай-ақ Манчестер және Ливерпуль қалаларында жағдай тұрақтанғанша, бұл қалаларға барудан бас тартуды ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз