AIX биржасында Solidcore акциялары теңгемен саудалана бастады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
AIX алаңында бағалы қағаздар доллар және теңгемен саудаланады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Solidcore Resources plc (бұрынғы Polymetal) акциялары Астана халықаралық биржасында (AIX) теңгемен саудалана бастады. Бұрын олар тек АҚШ долларымен сатылатын.

«Solidcore Resources plc акциялары AIX биржасында теңгемен саудалана бастады», – деп хабарлады сауда алаңы.

Қазір AIX алаңында бағалы қағаздар доллар және теңгемен саудаланады.

Solidcore Resources plc – Қазақстандағы екінші ірі алтын өндіруші компания. Оның Қазақстанда  екі өндіріс орны бар. Олар – Абай облысындағы «Қызыл» кеніші мен Қостанай облысындағы «Варваринское» кеніші.

Компания 2024 жылдың екінші тоқсанында өндірісті бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 37%-ға арттырып, 135 мың алтын унциясына жеткізді.

2024 жылғы маусымда Solidcore Resources plc Мәскеу биржасынан делистинг жасайтынын хабаралады. Одан кейін компанияның акциялары Мәскеу биржасында сатылмайды.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы маусымда Polymetal International plc атауын Solidcore Resources plc деп өзгертті

2024 жылдың басында Оман үкіметіне тиесілі Mercury Investments International (MII) қорының еншілес ұйымы  – Maaden International Investment LL кен өндіруші компанияның 23,9% акциясын сатып алған. Нәтижесінде компанияның ірі акционеріне айналды. 

Сондай-ақ оқыңыз