Израильдік компания Норвегияда электр көліктерін сымсыз зарядтайтын жол салып жатыр
Израильдің жоғары технологиялық Electreon Wireless компаниясы Норвегияда электр көліктеріне аккумуляторын жүріп келе жатқанда зарядтауға мүмкіндік беретін бірінші сымсыз жол салып жатыр. Бұл туралы Тель-Авив қор биржасында хабарлады.
Electreon жол зарядтау жүйелері тікелей жол төсемінің астында орналасқан арнайы мыс катушкаларын пайдаланады. Тронхейм қаласында ұзындығы 100 метрлік жаңа жол учаскесі салынды және ол шамамен бір жыл бойы сынақтан өткізіледі.
Сынақ жұмыстарына қытайлық алпауыт Ютонг шығарған үш электр автобус және қытайлық Higer компаниясы шығарған автобус алынады.
Сынақ барысында сымсыз зарядтау жолы автобустар үшін жалғыз қуат көзі ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.
«Бұл олардың күні бойы зарядтау үшін тоқтамастан біркелкі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, осылайша көміртегі шығарындыларын азайтады», – деп жазылған хабарламада.
Тестілеу кезінде солтүстік аймақтың ерекше климаты да ескерілген. Бұл ретте технологиялық шешімнің тұрақтылығы мен тиімділігін дәлелдеу маңызды.
Жобаны Норвегия үкіметі қаржыландырады. Оның құны 22,4 млн кронға (2,12 млн доллар) бағаланып отыр.
Еске сала кетсек, Халықаралық энергетика агенттігі 2024 жылы электромобильдердің жаһандық сатылымы 20%-ға дейін өсетінін хабарлады.