ҚНРДА банк секторы мен ойын бизнесі үшін корпоративті табыс салығын 25%-ға көтеруді қолдамайды
Жаңа Салық кодексінде банк секторы мен ойын бизнесі үшін корпоративтік табыс салығын 20%-дан 25%-ға көтеру мәселесі талқыланып жатыр. Алайда бұл ретте аталған салаларды салыстыруға болмайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, ойын бизнесі экономикаға оң әсерін тигізбейді, ал банктер оның «күре тамыры». Ол бизнес пен халыққа көмек көрсетеді және экономикаға қызмет етеді. Кірісі мен маржасы жоғары салаларды тұтастай қарастырып, тек банк секторы үшін емес, екеуіне де тең мөлшерлеме белгілеу қажет.
«Иә, банк секторы айтарлықтай бәсекеге қабілетті. КТС-нің өсуі нәтижесінде банктер несие мөлшерлемесін көтереді деп ойламаймын. Бірақ банктер өз бизнесін оңтайландыруға, қашықтағы цифрлық шешімдерді енгізуге көбірек ұмтылатыны анық», – деді ҚНРДА өкілі.
Бұл ретте ол КТС-ті көтеру мәселесі әлі талқыланып жатқанын атап өтті.
Еске сала кетсек, 11 наурызда Ұлттық экономика министрлігі Ашық НҚА порталында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің жобасына консультативтік құжатты жария талқыға шығарды.
Бұған дейін Үкімет корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесін 25%-ға дейін ұлғайтуды ұсынды. Жаңа Салық кодексі жобасында шикізат, қаржы, ойын бизнесі салалары үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесін 30%-ға дейін арттыру қарастырылған. Жаңа салық Кодексі бюджетке түсетін салық көлемін 2-2,4 трлн-ға арттырады.
Halyk Finance сарапшылар жаңа Салық кодексі Қазақстанның салық және бюджет жүйесінің мәселелерін шешпейді, құжатта қайшылықтар барын мәлімдеген еді.