Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Жарияланды 7 Тамыз 2024 23:35

(жаңартылды 8 Тамыз 2024 09:52)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды / фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Демеу финалда жапондық Нао Куссакиге есе жіберді.

Араға жиырма жыл салып, грек-рим күресінен Олимпиаданың финалында белдескен Демеу Жадыраев отандық спорт тарихына есімін алтын әріптермен жазды. Бұған дейін қазақ балуандары Олимпиаданың финалынан үнемі сырт қалатын.

Шешуші кезеңге дейін Жадыраев Колумбия (9:0), Қырғызстан (3:1) және Әзірбайжан (6:1) өкілдерін жеңді. Сонымен қатар ширек финалда қырғызстандық екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмудовтан басым түскені басты сенсация болды. 

Айта кетейік, 1980 жылы грек-рим күресі бойынша КСРО сапында алғаш рет алтынды Жақсылық Үшкемпіров алған. Ал тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан грек-рим күресінен олимпиадада бір ғана алтын алған. 1996 жылы Атлантада (АҚШ) Юрий Мельниченко чемпион атанды.

Демеу Жадыраевтың қарсыласы 23 жасар жапондық Нао Кусака грек-рим күресі бойынша әлемдік рейтингте 1-орында тұрғанын айта кетейік.

Сондай-ақ оқыңыз