Lifestyle

Камала Харрис вице-президенттікке үміткер етіп таңдаған Тим Уолц деген кім?

Харрис вице-президенттікке таңдаған Тим Уолц деген кім? / REUTERS/Elizabeth Frantz, бильд-редактор: Артур Алескеров

Камала Харрис Миннесота губернаторы Тим Уолцты вице-президенттікке кандидат етіп таңдады. Бұл туралы The Washington post хабарлады.

Уолц АҚШ Ұлттық гвардиясының бұрынғы мүшесі, сонымен қатар мектепте қоғамтану пәнінен сабақ берген. АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан үміткер Камала Харрис Миннесота губернаторы Тим Уолцты вице-президенттікке кандидат ететінін ресми түрде өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Мен Тим Уолцты вице-президентікке үміткер ретінде түсетінін мақтанышпен хабарлаймын. Губернатор, жаттықтырушы, мұғалім және ардагер ретінде ол өзі сияқты қарапайым жұмысшы отбасылар үшін жақсы кандидат. Уолц менің ұжымымда болғанына қуаныштымын», – деп жазды Харрис.

Сарапшылардың пікірінше, Уолз бастапқыда АҚШ вице-президенттігіне үміткерлердің арасында аутсайдер ретінде қарастырылды. Алайда Уолц соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді шығып, өзін Небраска штатындағы Валентин қаласы ауылдық жерден шыққанын айтып өтті.

Уолц Миннесота штатының губернаторы, яғни бұл штат алдағы сайлауда демократтарға жақтасуы мүмкін. Алайда Харристің басты қарсыласы Дональд Трамп биылғы жылды Миннесота жылы деп жариялады. Оның бұл болжамды неге негіздегенін айту қиын, өйткені штат 2006 жылдан бері штаттық кеңсеге республикашылды сайлаған жоқ. Ал 1972 жылы президент Ричард Никсон жеңіске жеткеннен бері республикашыл президенттікке кандидат Миннесота штатында жеңіске жеткен жоқ. Бірақ Трамп сауалнамалар жүргізіп, адамдармен кездесті, сондықтан оның бағалауы белгілі бір негізге ие болуы мүмкін.

Миннесотаның дәл жанында осы президенттік сайлаудағы негізгі штаттар: Висконсин, Мичиган және Пенсильвания. Екі тарап сайлауда жеңіске жету үшін осы аймақтарда жеңіске жету керек деп санайды.

Харрис – Уолз сайлауалды науқанының мақсаты: «Адамдарды күшті мемлекеттік мектептер мен қолжетімді денсаулық сақтау сияқты құндылықтардың айналасында біріктіру»,  – деді ол. Уолцты таңдай отырып, Харрис атқарушы билікте тәжірибесі бар білікті саясаткерді қолдады және Висконсин мен Мичиган сияқты Орта батыстағы  Штаттардың маңыздылығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың қазіргі вице-президенті Камала Харрис президенттік сайлауға Демократиялық партиядан ресми түрде кандидат болды.

Демократиялық партияның ішкі сайлауы кезінде көпшілік оның кандидат болуына келіскен. Онлайн режимде өткен сайлау қорытындысы бойынша Харрис қараша айында өтетін сайлауға өз партиясы атынан қатысатын болды.