8 тамыз күнгі Олимпиада кестесі: атлеттер қандай спорт түрінен бақ сынайды?

Жарияланды
8 тамыз күні атлеттер 5 спорт түрінен бақ сынайды / Фото: kursiv.media

Олимпиада комитеті 8 тамыз күні Парижде қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтететін олимпиадалық іс-шаралар кестесін жариялады.

8 тамыз күні мынадай іс-шаралар өткізілмек:

  • 13.00-18.00 көркем гимнастика – Эльжана Таниева;
  • 13.30 байдарка мен каноэде есу – Мария Баровкова;
  • 16.20 байдарка мен каноэде есу – Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров.
  • 14.00 қазіргі бессайыс – Георгий Борода-Дудочкин.
  • 17.30 қазіргі бессайыс – Елена Потапенко.
  • 14.00 еркін күрес – Мейрамбек Қартбай, Азамат Дәулетбеков. Жартылай финал – 21.15-те.
  • 15.35 құзға өрмелеу – Әмір Маймұратов . Финал – 15.54-те.

Бұл ойындарды қазақстандықтар Qazaqstan, Qazsport, Хабар, Ел арна және JibekJoly телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Айта кетсек, 7 тамыз күнгі сайысты Қазақстан нәтижелі аяқтады. Бұл күні бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді.

Сонымен бірге Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Сондай-ақ оқыңыз