Тоқаев Өзбекстан Президентін Қазақстанның ең жоғарғы наградасы — «Алтын қыран» орденімен марапаттады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Бұл – Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік наградасы / Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентін Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевке осымен екінші мәрте жоғары наградалы марапат ұсынып отыр.

2023 жылдың қарашасында Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне келген Өзбек басшысын Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттаған болатын. 

Бүгін, 8 тамызда, Астанаға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке тағы да мәртебесі биік орден табыс етілді. 

Тоқаев Қазақстанда Шавкат Мирзиёевті Өзбек елінің нағыз көшбасшысы, халықаралық деңгейдегі саясаткер, екі халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері ретінде танитынын және құрметтейтінін айтты.

Шавкат Мирзиёев болса, өзін Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

«Бұл марапатты екі халық арасында ғасырлар бойы жалғасқан шынайы достық және тату көршілік қатынастарды арттыруға қосқан бірлескен күш-жігерімізге берілген лайықты баға деп санаймын. Қазақстан біздің ең жақын, сенімді әрі уақыт сынынан өткен серіктесіміз», – деді Шавкат Мирзиёев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азиядағы сауда-саттық бойынша ең ірі серіктестер екендігіне тоқталды. Мәселен, былтыр өзара тауар айналымы 4,4 млрд долларға жеткен. Тоқаев екі мемлекет бұл көрсеткішті таяу арада 5 млрд, кейін 10 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отырғанын айтады. Ол үшін алыс-берістегі тауар түрлерін көбейтпек.

Сондай-ақ оқыңыз