Өздері белігілеп алған бағамен қызмет көрсетіп келген Ұлттық аккредиттеу орталығына айыппұл салынды
Техникалық реттеу және метрология комитетіне қарасты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» аудит тексеріснен кейін, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұл арқалады. Орталық өздері бектіп алған бағамен қызмет көрсетіп келген.
Жоғары аудиторлық палата Сауда және интеграция министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына аудит жүргізген. Тексеру кезінде Аккредиттеу орталығының өрескел заң бұзушылыққа жол бергені анықталды. Мекеме сәйкестікті бағалау саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі бола тұра, өздеріне жетекшілік ететін мемлекеттік органның тәртібіне бағынбаған. Орталық мемлекеттік орган бекіткен бағаға қарамастан, өздері дербес баға белгілеп алған болып шықты.
«Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне ҚР монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тапсырылды. Агенттік Ұлттық аккредиттеу орталығында бақылау іс-шараларын өткізді және Кәсіпкерлік кодекс талаптарының бұзылғанын растады», – деп жазылған хабарламада.
Осындай құқық бұзушылық фактілерінен кейін, Аккредиттеу орталығы әкімшілік жауапкершілікпен қатар, айыппұл төлеуге міндеттелді.
Жоғары аудиторлық палата осыған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына да аудит жүргізген еді. Тексеру барысында аудиторлар кейбір медициналық ұйымдардың қаражатты орынсыз пайдаланғанын анықтады.
Ал оның алдында аудиторлар Денсаулық сақтау министрлігіне тексеріс жүргізген болатын. Нәтижесінде дәрілер бағасының орынсыз көтерілгенін, оларға лайықты деңгейде бақылау жүргізілмейтінін анықтаған болатын.