38% өсім көрсетуі мүмкін: Freedom Broker «Эйр Астана» акцияларын сатып алуды ұсынады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
сатып алуды ұсынды
Freedom Broker Air Astana компаниясы акцияларын сатып алуды ұсынады / Фото: kursiv.media, бильд редактор Ахтам Зиперов

Freedom Broker Air Astana әуе компаниясының акцияларына қатысты болжамын жаңартты. Брокер әуе компаниясына тиесілі 1 акцияның мақсатты бағасы 1130 теңгені құрауы мүмкін деп болжайды.

Мамыр айындағы болжаммен салыстырғанда акцияның мақсатты бағасы төмендеген. Дегенмен брокер алдағы уақытта Air Astana бағалы қағаздары 38 % өсім көрсетуге әлеуетті деп тұжырымдайды.

Жақында әуе компаниясы 2024 жылдың І жартыжылындағы қаржы нәтижесін шығарған. Жыл басынан бергі жолаушылар ағыны сарапшылардың болжамынан асып түсті. Бұл компанияның қаржы нәтижесіне жағымды әсер еткені анық.

Қаржы есебінде компания EBITDAR көрсеткішінің сәл азайғанын жазады. Егер бір реттік кіріс пен шығынды есепке алмасақ, көрсеткіш бұған дейінгі деңгейінде қалған. Соның есебінен нақты операциялық кіріс артып, компанияның ақша ағыны өскен.

Брокер осыны ескере отырып, әуе компаниясының акциялары алдағы уақытта 38% өсім көрсетуі мүмкін деп болжайды. Инвесторларға Air Astana акцияларын «сатып алуды» ұсынады.

2024 жылдың 6 айында әуе компаниясының шоғырландырылған кірісі 12,9%-ға артты. Air Astana бір жыл бұрынғы 519,1 млн доллармен салыстырсақ, 586,2 млн доллар табыс тапқан.

Қаржы есебінде компанияның жалпы кірісі туралы ақпарат жазылғанымен, І жартыжылдықта тапқан пайдасы нақтыланбаған. Қаржы нәтижесі жарияланған жиында компания басшысы Питер Фостер «нарық Air Astana акцияларын бағалайды деген үмітте» екенін мәлімдеген.

Биыл ақпан айында әуе компаниясы акияларын IPO-ға шығарып, нарықтар 120 млн доллар тартқан болатын. Екі айдан соң Air Astana Қазақстан биржаларында сатылған қарапайым акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарын кері сатып алатынын хабарлады. Қазіргі кезде компания жалпы сомасы 3 млн АҚШ долларға жетер-жетпес бағалы қағаздарын кері сатып алған.

Сондай-ақ оқыңыз