Жапония премьер-министрі Орталық Азияға іс-сапарынан бас тартты
Жапон премьер-министрі Фумио Кисида Жапониядағы жер сілкінісінен кейін, қауіпсіздік шараларына көңіл бөлу үшін Орталық Азияға жоспарланған сапарын тоқтатады.
Жапон БАҚ беттеріндегі бұл ақпаратты Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров та растады.
«Қазақстандағы Жапония елшілігінің хабарлауынша, елдегі жер сілкінісіне байланысты премьер-министр Фумио Кишиданың Қазақстанға сапарын өткізуден бас тарту туралы шешім қабылданды», – деді Айбек Смадияров, «Курсив» тілшісінің сауалына.
The Japan News ақпаратына сүйенсек, шешім бейсенбі, 8 тамыз күні, Миядзаки Префектурасында болған қатты жер сілкінісінен кейін қабылданды.
Жоспар бойынша 9-11 тамыз күндері аралығында Кишида Қазақстанға, Өзбекстанға және Моңғолияға баруы керек еді, сондай-ақ 9-тамыз күні Астанада Орталық Азиядағы бес елдің басшыларымен «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммитіне қатысуы жоспарланған.
Бұған дейін Жапония Қазақстандағы бас қосуда талқылануы тиіс басты тақырып туралы жазған едік. Жиында Орталық Азиядағы бес елге Жапония тарапынан экономикалық көмек ұсынлуы мүмкін еді. Токио Орталық Азия мен Еуропаны жалғайтын Транскаспий халықаралық көлік маршрутының дамуына жәрдем беругеде ниетті.
Кейбір ақпарат құралдарының дерегінше, Жапон премьер-министрі Фумио Кисида «Орталық Азия + Жапония» саммитіне онлайн қатысады.
8 тамыз күні Жапонияда тереңдігі – 30 м, 7,1 балл жер сілкінісі болды. Сондай-ақ Жапон билігі Коти мен Миядзаки префектураларына цунами қаупі туралы ескерту жасады.