Lifestyle

Париж-2024: 9 тамызда қазақстандық атлеттер қандай спорт түрінен сайысқа шығады?

Париж-2024: 9 тамызда қазақстандық атлеттер қандай спорт түрінен сайысқа шығады? / фото: shutterstock

Олимпиада комитеті 9 тамыз күні Парижде қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін олимпиадалық іс-шаралар кестесін жариялады.

9 тамыз күні мынадай ойындар өткізілмек:

  • 12.00 таеквондо – Төлеуғали Батырхан
  • 14.00 еркін күрес Батырмұрзаев Юсуп
  • 15.40 байдарка мен каноэде есу – Бровкова Мария, Искакова Руфина.
  • 16.00 қазіргі бессайыс – Георгий Борода-Дудочкин.
  • 17.30 қазіргі бессайыс – Елена Потапенко.
  • 23.57 жеңіл атлетика – Джепкемей Дейзи

Бұл ойындарды қазақстандықтар Qazaqstan, Qazsport, Хабар, Ел арна және JibekJoly телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Айта кетсек, 7 тамыз күнгі сайысты Қазақстан нәтижелі аяқтады. Бұл күні бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді.

Сонымен бірге Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.