«Шұбаркөл Көмір» компаниясы 2023 жылға қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлемейді

Жарияланды
«Шұбаркөл Көмір» АҚ 2023 жылға қарапайым акциялары бойынша дивиденд төлемейді/ shutterstock

«Шұбаркөл Көмір» АҚ 2023 жылға қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлемейді. Бұл жайлы компанияның Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жариялаған ақпаратында жазылған.

«Шұбаркөл Көмір» АҚ (Қарағанды) 2024 жылғы 2 тамызда өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.

Компания акционерлердің жалпы жиналысын өткізіп, қоғамның 2023 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы шешім қабылдаған. Сонымен бірге жиналыста компания 2023 жылғы 26 419 746 мың теңге таза табысын бөлмеу туралы шешім қабылдаған.

«Қоғамның 2023 жылға арналған қарапайым акциялары бойынша дивидендтер есептелмейді және төленбейді»,- делінген құжатта.

Ал артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер бойынша төлем 2024 жылдың 2 қыркүйегінде жүзеге асырылады.

«Шұбаркөл Көмір» АҚ акционерлері – SHK EURASIAN HOLDING B.V. және Eurasian Energy Corporation JSC компаниялары. Компания акцияларының 48,36%-ы – «Еуразия энергетикалық корпорациясына», ал 49,88%-ы – SHK Eurasian Holding B.V. ұйымына тиесілі.

Бұл «Еуразиялық топ» атауымен белгілі компанияны ERG S.a.r.l. бақылайды. Оған Қаржы министрлігі (40%), Александр Машкевич, Әлижан Ибрагимов (әрқайсысы 20,7%) және Патох Шодиевтің (18,6%) отбасы иелік етеді.

Айта кетейік, ««Шұбаркөл көмірдің» жиынтық активтері бір жыл ішінде 149,8 млрд теңгеден 226,8 млрд теңгеге дейін өскен. Жалпы табысы 48,8 млрд теңгеден 58,5 млрд теңгеге жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз