Ақауға байланысты ғарышта қалып қойған NASA-ның 2 астронавты жерге тек 2025 жылы қайтарылуы мүмкін

Жарияланды
Екі ғарышкердің тамағы мен киім кешегі зымырандармен жеткізіліп жатыр / Фото: kursiv.media

Халықаралық ғарыш станциясына маусым айында барған екі ғарышкер Boeing Starliner кемесіндегі ақауға байланысты жерге қайта орала алмай қалды. NASA агенттігі олар жерге қашан оралатыны туралы тек болжамды ақпарат жариялады деп хабарлайды Reuters басылымы.

NASA астронавты Батч Уилмор мен Санни Уильямс алғаш болып SpaceX-пен Boeing-тің Starliner капсуласында ғарышқа көтерілген. Бірақ кемеден ақау шығып, небәрі 8 күнге ұшқан олар бірнеше айға қалып қойды. NASA-ның хабарлауынша, Халықаралық ғарыш станциясына жеткен Starliner кемесінің қозғалтқышы істен шыққан. Сол себепті бұл ғарыш кемесімен экипажды жерге қайтару мүмкін болмай тұр.

Ғарышкерлерді халықаралық ғарыш станциясына 2025 жылдың ақпанында көтерілетін Crew Dragon кемесімен қайтару мәселесі талқыланып жатыр.

Ғарышта қалып қойған экипаж мүшелеріне жерден қажетті көмек жіберіліп жатқаны да айтылды. 6 тамыз күні таңертең NASA SpaceX және Northrop Grumman (NOC.N) зымыранын пайдалана отырып, станцияға азық-түлік пен керек-жарақтарды, соның ішінде Уилмор мен Уильямсқа арналған қосымша киімдерді жеткізген.

Ал Crew Dragon миссиясы бойынша NASA-ның үш астронавты ғарышқа ұшыруды жоспарлап отыр. Ол кезде америкалық екі астронавтымен бірге ресейлік бір ғарышкер ғарыш станциясына жеткізіледі.

Еске сала кетсек, осы жылдың қаңтарында Crew Dragon кемесімен ғарышқа төрт турист ұшырылған болатын. Көкке көтерілген экипаждың құрамында NASA-ның бұрынғы ғарышкері Майкл Лопес-Алегрия , Италия әскери әуе күштерінің полковнигі Вальтер Вилладей, Швеция азаматы Маркус Вандт және Түркия әскери әуе күштерінің ұшқышы Альпер Гезеравджы болды.

Сондай-ақ оқыңыз