Бразилияның Сан-Паулу штатының Виньеду қаласының маңында ұшақ құлады. Ұшақтағы 62 адам түгел қаза тапты деп хабарлайды ВВС.
Бразилия үкіметі ұшақ бортындағы жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза тапқанын хабарлады.
Әуе компаниясының мәліметінше, ATR 72 қос қозғалтқышты турбоқозғалтқышы бар лайнердің бортында 62 адам болған. Олардың 58-і жолаушы болса, төртеуі экипаж мүшесі.
Ұшақ Каскавел қаласынан Гуарульхос әуежайына ұшып бара жатқан.
Әлеуметтік желіде ұшақтың тігінен құлап бара жатқан видеосы тарады. Лайнер тұрғын үйдің ауласына құлап түскен. Жерде бұл апаттан қаза тапқандар жоқ екені айтылады.
Flightradar24 сайтының хабарлауынша, ұшақ 2010 жылғы. Бразилияның Ұлттық азаматтық авиация агенттігінің хабарлауынша лайнердің жағдай жақсы болған. Экипаж мүшелері де, диспетчерге ұшақта қандай да бір қиындықтар туындағанын айтпаған.
Ұшақ Каскавел қаласына жергілікті уақыт бойынша 11:46-да ұшқан. Бірақ сағат 13:21-ден бастап, Сан-Паулу әуежайындағы диспетчерлердің хабарламаларына жауап бермей қойған.
Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва қайғылы оқиғадан кейін 1 минут үнсіздік жариялап, үш тәулікке аза тұту күнін жария етті.