Qalam-ның апта таңдауы: қалтаның пайда болу тарихы, төлқұжат мұқабасының түсі нені білдіреді?

Жарияланды 10 Тамыз 2024 10:31

(жаңартылды 11 Тамыз 2024 20:17)
Сабина Зәкіржанқызы

Сабина Зәкіржанқызы

Фото: kursiv.media

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін тарих пен мәдениетке арналған Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптадағы таңдаулы тақырыптар – Қалтаның пайда болу тарихы қандай, төлқұжат мұқабасының түсі нені білдіреді? «Соңғы кеш» туындысының құпиясы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың Қазақстан өнеріндегі көрінісі және ат жетектеген салт атты неліктен қайғы-қасіреттің символына айналды?

ҚАЛТАНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

19 ғасырдағы ағылшын мультфильміндегі қалта ұрылары / Wikimedia commons

Бір жағынан қарасаңыз қиын түгі де жоқ сияқты. Әрі қарапайым, әрі ыңғайлы, соншалықты күрделі материалдар мен өркениеттің ең жоғары сатысына жетудің қажеті жоқ. Дегенмен бізге үйреншікті қалталар тек 17 ғасырдың соңында ғана пайда болды, оның өзінде 19 ғасырға дейін барлық жерде ерлер киіміне ғана қалта тігілген.

ТӨЛҚҰЖАТТЫҢ ТҮСІ НЕЛІКТЕН ҚЫЗҒЫЛТ САРЫ БОЛМАЙДЫ?

Утагава Садахидэ, 1807-1873. Йокогамадағы сауда үйдегі құжаттарды тексеріп отырған шетелдік азамат. 1861. The Chicago Art Institute/Alamy

Дүниежүзі елдерінің халықаралық төлқұжаттары төрт түспен, яғни көк, қызыл, жасыл және қара мұқабамен қапталған. Бұл мұқабалардың түсінде қандай да бір құпия мағына бар ма, материалдан оқыңыздар.

«СОҢҒЫ КЕШ» ТУЫНДЫСЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ

Леонардо да Винчи. Соңғы кеш (1495–1498). Санта-Мария-делле-Грацие, Милан/Wikimedia commons

Кеше ғана Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты кезінде бұл туындыға жасалған ишараның қандай жанжал туғызғанын бәріміз білеміз. Италияның ұлы суретшісінің шедеврі, әйтсе де, «сормаңдай» туындысының басынан не өтпеді десеңізші?!

ПАТРИАРХАТҚА ҚАРСЫ ВЕНЕРА

Зоя Фалькова. Evermust. 2017/Фото: Батыр Аубакиров

Зоя Фалькованың әйгілі, төсі бар, әйелдің денесі пішінде жасалған бокс қапшығы – «Evermust» – туындысын көбіміз жете білмесек те, әйтеуір бір жерден көргенбіз. Ендеше бір мезетте «Патриархалды қоғамдағы Венераның» ирония мен трагедияға толы образын жасаған суретшінің феминизм бағытында жасаған басқа да жұмыстары жайлы материалымыздан оқыңыздар.

ҚАРАЛЫ ХАБАР ЖЕТКІЗУШІ

Хабаршы/Ольга Гумирова

«Апта петроглифінде» ерттелген атқа мініп жүйткіген, қолына байрақ ұстаған салт атты адам бейнеленген. Мәдениеттанушы әрі жазушы Зира Наурызбай, бұл петроглифте рудың беделді азаматының, бәлкім, бір я бірнеше жауынгердің қайтыс болғанын естіртуге асыққан хабаршы бейнеленген деп жорамалдады. Өйткені салт атты кісінің қолына байрақ алып шабуы тегін емес. Толығырақ материалымыздан оқыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыз