Жаңалықтар

10 тамыз күні Париждегі олимпиада ойындарында қандай спортшылар сайысқа түседі?

Парижде өтіп жатқан олимпиада ойындарында 10 тамыз күні 4 атлет бақ сынайды / Фото: shutterstock

Туризм және спорт министрлігі Парижде өтіп жатқан  XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының кестесін жариялады.

10 тамыз күні атлеттеріміз мынадай спорт түрлерінен өнер көрсетеді:

  • 14.00 еркін күрес – Әлішер Ерғали. Жартылай финал.
  • 16.30 қазіргі бессайыс – Елена Потапенко.
  • Брейкинг: 19.35 Әмір Зәкіров – Менно (Нидерланд); 20.25 Әмір Зәкіров – Билли (Марокко); 21.14 Әмір Зәкіров – куэйк (Тайпей).
  • 20.19 велотрек – Андрей Чугой.

XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарын Qazaqstan, Qazsport, Хабар, Ел арна және JibekJoly телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Айта кетсек, 7 тамыз күні бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді.

Сонымен бірге Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.