Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президентіне көңіл айтып жеделхат жолдады
Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, ондағы экипаж мүшелері мен жолаушылардың түгел опат болуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев осы елдің президенті Инасиу Лула да Силваға көңіл айту хатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.
Еске саламыз, жексенбі, 10 тамыз күні Бразилияның Сан-Паулу штатының Виньеду қаласы маңында жолаушылар ұшағы апат болғаны хабарланған еді. Оның бортында барлығы 62 адам болған: 58 жолаушы және экипаждың 4 мүшесі.
Ұшақ Каскавел қаласынан Гуарульхос әуежайына ұшып бара жатқан. Әлеуметтік желілерде ұшақ апат болған сәттің видеосы тарады. Онда ұшақтың тігінен төмен құлап бара жатқаны анық көрінеді. Лайнер тұрғын үйдің ауласына түскен.