Hindenburg-тің айыптауынан кейін үндістандық Adani компаниясының акциялары 9 млрд доллар жоғалтты
Үндістандағы ең ірі өнеркәсіптік конгломераттардың бірі Adani Group-тың акциялары дүйсенбі, 12 тамызда, биржадағы сауда басталған сәтте төмендеді. Бағаның құлдырауы Нью-Йорктегі Hindenburg Research-тің Үндістанның нарықтық реттеушісінің басшысын мүдделер қақтығысы үшін айыптауынан кейін орын алып отыр.
Толығырақ
Топтың бас компаниясы Adani Enterprises акциялары Мумбайдағы сауда-саттық басталған кезде 5,5%-ға құлдырады. Adani Energy Solutions бағалары 17%-ға кеміді. Бірақ кейін жағдайды біршама түзеп алды. Bloomberg мәліметтері бойынша, Adani-дің құрамына кіретін компаниялардың он акциясының барлығы төмен саудаланған. Әрі бір сәтте шамамен 19 млрд долларға арзандады. Кейін шығын көлемі 9 млрд долларға дейін қысқарды, деп жазды Reuters.
10 тамызда Hindenburg Үндістанның бағалы қағаздар және биржалар кеңесінің (SEBI) басшысы Мадхаби Пури Буч және оның күйеуі Дхавал Буч Adani тобымен байланысты оффшорлық құрылымдарға инвестиция салғанын хабарлады. Ерлі-зайыптылардың инвестициялары 2015 жылы салынған. Яғни Буч SEBI-дің тұрақты мүшесі болғанға дейін екі жыл бұрын жасалған, дейді Hindenburg. Реттеуші басшысы мүдделер қақтығысы туралы айыптауларды жоққа шығарды.
Қақтығыс неден шықты
Үнді реттеушісі компанияға 2023 жылдың басында жарияланған Adani есебіне байланысты сұрау жібергеннен кейін бірнеше аптадан соң Hindenburg өз айыптауларын жариялады. Бұл есеп Гаутам Адани бизнес империясының 153 млрд доллар көлеміндегі қаржысын «жұтып қойды». Бұл жердегі әңгіме нарықтық манипуляциялар мен есеп берудегі алаяқтықтар туралы болып отыр. Adani оны сол кезде-ақ оны «мақсатты түрде жарияланған жалған ақпарат» деп бағалады.
Үнді реттеушісі Hindenburg-ты миллиондаған доллар табу мақсатында «жалған мәліметтерді қасақана берді» деп айыптады. Нью-Йорктегі «шортистер» бұған жауап ретінде SEBI «Үндістандағы ең ықпалды адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты әшкерелейтіндердің үнін өшіріп, қорқыту үшін «мағынасыз» айыптаулар жасап жатқанын алға тартты.
Hindenburg-тің байламынша, Adani қысқа позицияларында небәрі 31 мың доллар табыс тапқан және осы позицияларға байланысты пайда есебінен шамамен 4,1 миллион доллар жалпы кіріс алған. Бұл жерде үнді конгломератына қатысты тергеуді қолдаған белгілі бір инвестормен қарым-қатынас жайы да айтылады.
Сарапшылар не дейді?
«Қысқамерзімді құбылмалылықтан қашып құтыла алмаймыз. Өйткені инвесторлар мұндай мақұлдаудың дұрыстығын түсінуге тырысады», – деп хабарлады Bloomberg Wright Research қорының негізін қалаушы Сонам Сриваставаға сілтеме жасап. Егер Hindenburg компаниясының SEBI-дегі мүдделер қақтығысы туралы мәлімдемелері расталса, бұл «нарықтың сеніміне нұқсан келтіруі, шетелдік капиталды «үркітуі» және ережелерді қайта қарауға мәжбүр етуі мүмкін», – деді ол.
First Water Capital-дың негізін қалаушылардың бірі Арун Чуланидің пікірінше, Hindenburg пен SEBI арасындағы қақтығыстың жаңа кезеңі қор нарығына айтарлықтай әсер етпейді. «Бұл біраздан бері жалғасып келе жатқан оқиға және мұнда салыстырмалы түрде тосын элементтер аз», – деді Арун Чулани.
Контекст
2023 жылдың қаңтарында Hindenburg тарапынан Adani Group-қа «шабуыл» басталды. Осы жылдың наурыз айында америкалық сарапшылар польшалық fashion-ретейлер – Cropp брендтеріне иелік ететін LPP компаниясының акцияларын құлатты. LPP бағалары «оның 2022 жылы Ресейден кеткені жалған және компания өз тауарларын елде сатуды жалғастырып жатыр» деген айыптаулардан кейін құлдырады. Бір ай бұрын, ақпан айында Hindenburg сloud әзірлейтін швейцариялық Temenos компаниясының акцияларын «жарға құлатты». Бұл жолы IT-компанияның бухгалтерлік есебінде елеулі кемшіліктер бар деп мәлімдеме жасаған болатын.
Hindenburg шабуылдары әрдайым сәтті бола бермейді. Өткен жылдың 15 тамызында Нью-Йорк «шортистері» Невадада тіркелген Freedom Holding Corp қаржы холдингін Ресейге қарсы санкциялар мен есептілікті бұрмалады айыптады. Morgan заң компаниясы, Lewis & Bockius LLP және Forensic disk Alliance сот-сухгалтерлік фирмасы жүргізген тексеру айыптаулардың жалған екенін, маңызды фактілерді ескермегенін және дәлелдермен расталмағанын анықтады.
Bloomberg мәліметтері бойынша, 2020 жылдан бастап Hindenburg Freedom-мен қатар 30-ға жуық компанияға шабуыл жасап, олардың акцияларын келесі күні орта есеппен 15%-ға құлдыратты. «Шортистердің» шабуылынан кейін екі күн ішінде Freedom бағасы екі есе төмендеді. Freedom акциялары шығынға жылдам ұшырап, тамыз айының соңына қарай шабуылдан бір күн бұрын 30% қымбатқа сатылды.