Таңғы Нью-Йорк: сауда-саттық күту режиміне көшті

Жарияланды
Фото: Reuters/Brendan McDermid

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламовтың АҚШ қор нарығындағы оқиғаларға күнделікті шолуы мен болжамы.

Жұма күнгі нарық

9 тамыздағы америкалық қор алаңдарындағы негізгі сессия тыныш динамикамен сипатталды және негізінен қалыпты плюс деңгейінде аяқталды. S&P 500 индексі 0,47%-ға өсті, NASDAQ 0,51%-ға көтерілді, Dow Jones 0,13%-ға жақсарды, ал Russell 2000 шағын эмитенттерінің бенчмаркі 0,17%-ға төмендеді. VIX құбылмалылық индексі қалыпқа келуін жалғастырды және 14,38%-ға дейін төмендеді.

Айқын позитивті драйверлердің жоқтығына қарамастан, S&P 500-ге кіретін барлық дерлік сектор «жасыл аймақта» жабылды. Өсім көрсеткен көшбасшылар – ІТ индустрия (XLK 0,64%) және байланыс саласы (XLS: +0,97%). Шикізат және өңдеу компанияларының бағалары аздап түзетілді.

Жұма, 9 тамыз күні нарық аптаның басындағы сатылымнан кейін АҚШ-тағы рецессияның дамуына деген алаңдаушылық пен Жапония Банкінің дабылынан кейін тұрақтана бастады. 8 тамызда шыққан жұмыссыздық туралы алғашқы өтінімдердің апталық статистикасы инвестициялық қоғамдастықтың еңбек нарығындағы жағдайға қатысты алаңдаушылығын төмендетіп, экономикалық құлдырау қаупін сейілте түсті.

Компаниялардың жаңалықтары…

– Trade Desk-тің (TTD: +12,5%) екінші тоқсандағы есебі күткендегіден де жақсы болды. Үшінші тоқсанға арналған гайденс консенсус болжамнан да жоғары болды. Компания жарнама нарығындағы тұрақты жағдайды және Connected TV (CTV) сегментіндегі сәтті бастамаларды атап өтті. Алтыншы тоқсан қатарынан халықаралық бағыттардағы кірістің өсуі оның ішкі нарықтағы серпінінен асып түсіп отыр.

– Екінші тоқсандағы Akamai Technologies (AKAM: +10,9%) кірісі консенсуспен дөп түсті. Дегенмен акцияға шаққандағы пайда (EPS) 3%-дан асты. Enterprise Compute компаниясының тұрақты кірісі (ARR) өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда екі есе өсті. Бұл Compute болжамын жақсартуға мүмкіндік берді. Мазмұнды жеткізу сегментіндегі трафиктің өсуі проблемалық аймақ болып қала береді.

– Insulet түсімі мен пайдасы (PODD: -8,8%) екінші тоқсанда болжамдардан асып түсті. 2024 жылға арналған түсім көрсеткіші жоғары. Жаңа пациенттердің саны тоқсан сайын өсе бастады, менеджмент бұл үрдістің күшейе түсеріне сенеді. Көрсеткіштің өсу қарқыны болжамдағы көрсеткішке жете алмады.

Біздің күтетініміз

Бүгін АҚШ-тың федералды бюджетінің балансы туралы мәліметтер жарияланады. Консенсус болжамда оның тапшылығы маусым айындағы 66 млрд доллардан шілдеде 343 млрд долларға дейін ұлғайтылды. Егер нақты көрсеткіш аз болса, оны нарық оң қабылдайды. Нью-Йорк ФРБ тұтынушылардың инфляциялық күтулеріне қатысты статистиканы бір жыл ерте ұсынады. Бұл деректер ақша-кредит саясатының жұмсаруы күтіліп отырғандықтан да маңызды: егер аталған күтулер айтарлықтай күшейсе, инвестициялық қауымдастық қор алаңдарына қысым жасайтын ФРЖ мөлшерлемесінің төмендеуіне қатысты өз бағдарларын қайта қарауы мүмкін. Алайда бүгінгі макростатистика биржаларда анау айтқандай үлкен қозғалыстар тудырмауы керек. Аптаның негізгі релиздері 13 және 14 тамызда жарияланатын өндірістік және тұтыну бағалары индекстерінің (PPI және CPI) деректері болмақ.

Негізгі сессия басталғанға дейінгі сыртқы фон позитивті екенін ескере кеткен жөн. Еуропалық алаңдар күнді бері жақсы көрсеткіштермен бастады. Гонконгтық Hang Seng 0,09%-ға өсті. Ал қытайлық CSI 300 0,17%-ға төмендеді. АҚШ индекстерінің фьючерстері негізінен «жасыл аймақта» орналасқан. Тәуекелдер балансын біз бейтарап деп бағалаймыз. Инвесторлар инфляция статистикасының аталған шығарылымдары алдында сақтық танытуды жалғастыруы мүмкін. Орташа тәуліктік құбылмалылықты болжап отырмыз. 5300-5390 пункт диапазонындағы S&P 500 қозғалысына назар аударамыз (-0,8%-дан 9 тамыздағы жабылу деңгейіндегі +0,9%-ға дейін).

Назардағы ақпараттар

– Disney (DIS) «Құбыжықтар корпорациясы», «Индиана Джонс», «Аватар» және «Энканто» аттракциондарын ұсынды.

– Cisco (CISCO) штатты оңтайландыру аясында тағы бірнеше мың қызметкерді жұмыстан шығарады.

– Tesla (TSLA) құны 61 мың доллар болатын ең арзан Cybertruck моделіне тапсырыстарды қабылдауды тоқтатты. Енді компанияның сайтында ұсынылған ең қолжетімді нұсқа 100 мың доллар тұрады.

– Жүздеген жолаушы жүргізушілер жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Uber-дің (UBER) үстінен сотқа арыз берді.

– Boeing (BA) АҚШ Әскери-әуе күштерінен жаңа радиолокациялық анықтау және басқару ұшағын жасау үшін 2,5 млрд долларлық келісімшарт алды.

– Белсенді инвестор Starboard Value акциялардың өсуі үшін шаралар қабылдау мақсатында Starbucks-тың үлесін сатып алады.

Сондай-ақ оқыңыз