Қазақстандағы инфляция неліктен тағы күшейіп барады  

Жарияланды
иллюстрация: shutterstock

16 айда алғаш рет тұтынушылық инфляцияның жылдық мәндегі тренді өзгерді: 2024 жылғы маусымның соңында 8,4%-ға жетіп, шілдеде бағаның өсуі 8,6%-ға дейін жеделдеді. Инфляцияның тағы қарқын алуына бизнес шығындары мен бюджет шығындарының өсуі себеп болып отыр.

Қазақстандағы жылдық тұтынушылық инфляция ақылы қызметтер бағасының (+14,5% ж/ж немесе айына +0,7 пайыздық тармақ) қатты өсу тенденциясына және азық-түлік тауарлары бағасының қайта көтерілуіне (5,5%-ға  ж/ж дейін +0,1 п.т) байланысты жеделдеді. Бұл ретте азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде аздап – айына 7,3%-ға немесе 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді.

Ұлттық статистика бюросының ресми хабарламасында азық-түлік пен қызмет көрсету бағасының өсуіна баса назар аударылғанын көреміз. «Бір жыл ішінде жеміс-жидек пен көкөніс бағасы 6%, ет пен ет өнімдерінің бағасы 4,1%-ға өсіп инфляцияға 0,5 п.т үлес қосты, ал нан-тоқаш өнімдері мен жарма (6,3%) 0,4 п.т артқан. Алкогольсіз сусындар 8,2%-ға, сүт өнімдері 5,6%-ға қымбаттап, әрқайсысы 0,2 п.т, жұмыртқа бағасы 10,5%-ға өсіп 0,1 пайыздық тармақпен жылдық инфляция өз үлестерін «тигізді», – деп хабарлайды ҰСБ. – ТКШ қызметі бір жылда 17,3%-ға қымбаттап, олардың инфляцияға қосқаны 2,3 пайыздық тармақ болды. Былтырғы жылдың шілде айымен салыстырғанда, 2024 жылғы шілдеде электр энергия бағасы 31%-ға жоғары болып, жылдық инфляцияның өсуіне 0,6 пайыздық тармақ үлес қосты. Тұрғын үйді жалдау бағасы 12,4%-ға артып, 0,6 п.т, орталық жылу (33%) – 0,3 п.т., суық су (36,5%), тұрғын жайларға қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары (6,8%), тиісінше 0,2 пайыздық тармақтан инфляцияны өсірген»

Тұтыну бағасының ай сайынғы өзгеру қарқынын талдаудан не көреміз? Жалпы көрсеткіш айма-ай 0,7% өзгерді, бұл соңғы бес жылдағы маусымдағы инфляцияның орташа айлық мәніне (0,68%) сәйкес келеді. Көрсеткіште шілде айының соңында маусымдағы 0,6%-дан кейін 1,6%-ды құраған ақылы қызметтер бағасының күрт өсуі көзге ұрып тұр. Соңғы екі жылда қызмет көрсету саласында баға төрт рет күрт өскен: 2023 жылдың ақпанында (+ 1,3% а/а), 2023 жылдың тамызында (+1,9%) және қарашасында (+1,7%), сондай-ақ 2024 жылдың ақпанында (+1,7%). Бір қызығы, өсу тоқсанның екінші айында орын алған.

Ай сайынғы көрсеткіштерде инфляцияға ықпал ететін басқа құрамдас бөліктері де көтерілген. Азық-түлік тауарлары өткен айға қараған 0,2%-ға қымбаттады, ал маусымда ҚСБ бағаның өспегенін айтқан. Ал 2024 жылдың мамырында – 2020 жылдың тамызынан бері бірінші рет – дефляция (-0,2%) орын алған. Азық-түлік емес тауарлардың бағасы шілдеде 0,7%-ға (маусымда +0,6%) қымбаттады.

Қызмет көрсету бағасы тұтынушылық инфляцияның жеделдеуіне айтарлықтай үлес қосады: олардың жылдық динамикасы азық-түлік бағасынан үш есе, ал азық-түлік емес тауарлар бағасынан екі есе күшті. Жылдық инфляцияның өсу құрылымында олардың өсуі 8,6%-дан 4,0%-ды құрайды. Қызмет көрсету саласында инфляцияға басты әсер ететін сала жоғарыда аталған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ).

Алайда қызмет көрсету саласындағы инфляцияға тек ТКШ ғана әсер етпейді, мамыр айынан бастап шілде айы аралығында бұл қызметтердің инфляцияға «қосқан» үлесі 2,34 %-дан 2,27%-ға қысқарған. Ақылы қызмет көрсететін басқа да салаларға мән беру керек. Шілде айының статистикасы газет шығатын күні жарық көретін болғандықтан, маусым айындағы көрсеткіштерге зер салдық.

2024 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша балалар аттракционы (16,9% ж/ж және 4,4% а/а), жаттығу залдары (15,4% ж/ж және 2,8% а/а), шаштараз бен сұлулық салондары (13,5% ж/ж және 1,9% а/а) қызмет көрсетуі, техникалық қызмет көрсету мен көлік құралдарын жөндеу (12,1% ж/ж және 0,4% а/а), фасфутта (12,3% ж/ж және 1,0% а/а) бағаның орташадан жоғары өсу қарқыны байқалған. Бұл өсу жылдық, айлық көрсеткіште де болған.

Базалық тұтынушылық инфляцияның бәсеңдеуі (қаңтардағы 8,5%-дан маусымдағы 7,3%-ға дейін) барысында базалық өндірушілердің инфляциясы сәуірден маусымға дейін 4,2%-дан 5,9%-ға дейін жоғары қарқын алды. Шілде айының соңында өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің бағасы жылдық мәнде 9,6%-ға (2024 жылғы маусымда – 6,9%, қаңтарда – 2,1% ж/ж), ал айлық мәнде – 2,3%-ға өсті. Өндірушілер энергия құрамдас бөлігінің, электр энергиясын тарату қызметтері (22,9% ж/ж, 0,7% а/а), сұйытылған мұнай газы (19,5% ж/ж, 8,3% а/а) және жылу (16,9%, 0% а/а) бағасын белсенді түрде өсірді. 

Өндіруші бағалары мен тұтынушылық бағалардың мұндай динамикасы номиналды кірістің өсуі бағаның өсуін ынталандырып, ал ол жалақы мен әлеуметтік төлемдердің өсуін ынталандырып, бағаның өсуіне себеп болады.   

Үкімет бірнеше жыл қатарынан бюджеттік сектордағы жалақының өсуін қолдады, бұл орташа экономикалық көрсеткіштен озып кетті. Ал 2022 жылы ұлттық компаниялардағы жалақы айтарлықтай өсті. Содан кейін жалпы экономикадағы жалақыға түзету енгізілді. Нәтижесінде 2022 жылы атаулы жалақы 23,7%-ға, халықтың атаулы ақшалай кірісі 20,2%-ға өсті. Тіпті инфляцияның үдемелі жағдайында да қазақстандықтардың нақты табыстары, ҰСБ мәліметтері бойынша, 4,5%-ға өсті.

2023 жылдың қорытындысы бойынша номиналды жалақының өсімі 17,6%, халықтың атаулы ақшалай кірісі– 15,8%, нақты кіріс – 1,1%-ды құрады. ҰСБ бағалауы бойынша, 2024 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың номиналды ақшалай кірістері 14,4%-ға, нақты кірісі – 4,7%-ға өсті. Осылайша маусым айының соңында M0 және M1 ақша агрегаттары жылдық мәнде сәйкесінше 12 және 9%-ға өсті; бір жыл бұрын динамика M0 үшін 7% және M1 үшін 10% болды.

Сондай-ақ оқыңыз