Түркия Telegram желісін бұғаттауды жоспарлап отыр
Түркия билігі есірткі сату және құмар ойындарды насихаттау арналарының көбеюіне байланысты Telegram желісін бұғаттауы мүмкін.
Sabah басылымының ақпаратына сүйенсек, Түркияның Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар басқармасы мессенджерде «есірткі, жезөкшелік, құмар ойындар және педофилия туралы бейнелер еркін сатылатын» арналарды тапқан.
Реттеуші орган Англиядағы Telegram штаб-пәтеріне осы арналарды жабуды талап етіп 1000-нан астам хабарлама жіберген. Алайда желіден нақты жауап келмеген.
«Егер Telegram жақын арада бұл арналарға қатысты шара қолданбаса, әлеуметтік желінің жабылуы күн тәртібіне қойылуы мүмкін «, – дейді басылым тілдескен дереккөздердің бірі.
Түркия Telegram-ды ең көп қолданатын елдер арасында 10-орында (шамамен 8 миллион белсенді қолданушы бар) тұр.
2 тамызда түрік ақпараттық технологияларын реттеуші бүкіл ел бойынша Instagram-ға кіруге тыйым салып, өзара келісімге келгеннен кейін 11 тамызда шектеулерді алып тастады.
Ел билігі Instagram 31 шілдеде Иранда әуе шабуылында қаза тапқан «Хамас» бас жетекшісі Исмаил Ханияның қайтыс болуына байланысты кейбір көңіл айту жазбаларын өшіргені үшін айыптаған.