Запорожье атом электр станциясында өрт болды: Ресеймен Украина себепті бір-бірінен іздеуде
Украинаның Запорожье атом электр станциясында өрт болды. 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргелі бері аймақ соғыс алаңына айналған. Екі ел станцияға жасалған шабуылды бір-бірінен көріп отыр.
Украина оқиғаны Ресей Федерациясының күштерін арандату деп мәлімдеді. Мәскеу Киевті оқ жаудырды деп айыптайды. МАГАТЭ АЭС салқындатқыш мұнараларының біріне ұшқышсыз дронның шабуыл жасағаны туралы хабарлады.
Қазіргі уақытта Ресей әскері бақылап отырған Запорожье атом электр станциясының салқындату мұнарасында өрт 11 тамызда болған. Кремль тағайындаған Запорожье облысының басшысы Евгений Балицкий оқиғаға Киевті кінәлады.
«Энерго қалашыққа шабуыл жасалғаннан кейін ЗАЭС салқындату жүйелері объектісінде өрт болды», – деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.
Балицкийдің айтуынша, атом станциясының барлық 6 энергоблогы әлі тоқтап тұр, дегенмен ол радиациялық фон қалыпты деп сендірді. Украинаның «Энергоатом» АЭК ресми арнасы аймақтағы радиация көрсеткіштері қалыпты екенін растады және МАГАТЭ-ден (АЭС бақылау бойынша дүниежүзілік ұйымнан) ақпарат күтіп отырғандарын жеткізді.
«МАГАТЭ сарапшылары кешке болған көптеген жарылыстардан кейін ЗАЭС аумағының солтүстік бөлігіне зардабын тигізгенін анықтады», – делінген агенттіктің Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.
Бір ай бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресей Федерациясының әскерлерін ЗАЭС аумағынан шығаруды талап етті. БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинаның ядролық нысандарының, соның ішінде Запорожье атом электр станциясының техникалық және физикалық қауіпсіздігі туралы қаулы қабылдады. Құжатты 99 ел қолдады, 9 делегация қарсы дауыс берді және 60 ел қалыс қалды. Қазақстан және өзге Орталық Азия елдері дауыс беруден қалыс қалған.
5 тамызда Украина Ресейдің Курск облысына басып кіргеннен кейін, Ресей президенті Владимир Путин бұл әрекетті арандату деп атады.
2022 жылы 24 ақпанда Ресей Украинаға қарсы «Арнайы әскери операция» деген атпен ауқымды соғыс бастады. Шабуылдың мақсаты ретінде Украинаның Донецк және Луганск облыстарының тәуелсіздігін қамтамасыз ету аталған болатын. Ресей оларды ресми түрде Донецк халық республикасы және Луганск халық республикасы деп атайды.
2022 жылы маусым айында Петербор экономикалық форумына барған кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Донецк және Лугансктің тәуелсіздігін мойындамайтынын және БҰҰ тізіміне жататын 193 елдің ғана тәуелсіздігін мойындауға дайын екенін айтқан еді.