Жаңалықтар

Алматы мен Бішкек арасында электр автобустары қатынайтын болады

Алматы мен Бішкек арасында электр автобустары қатынайтын болады / фото: коллаж kursiv.media бильд-редактор Ахтам Зиперов

Бішкек пен Алматы арасында жақын арада электр автобустары іске қосылады, сондай-ақ болашақта бағытын Қаракөлге дейін ұзартуы мүмкін. Бұл туралы Азия даму банкінің өкілі Кылыч Жақыпов хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жоба тек Алматы мен Бішкек арасында дайындалып жатыр.

«Техникалық тұрғыдан қазір алыс қашықтыққа жүруге арналған электр автобустары бар. Зерттеу барысында Қордай асуын оның биіктігі мен маршруттың күрделілігіне басты назар аудардық. Алайда тәжірибеден өткен жаңа электр автобустары бұл жолдан қиындықсыз өте алатынын көрсетті», – деді Жақыпов.

Сонымен қатар Жақыпов электробустар бағытын Каракөлге дейін ұзарту әзірге тек жоспар ретінде талқыланып жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін  «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Самат Сағындықов Алматы мен Ыстықкөл арасын жалғайтын жаңа жол құрылысы басталуы мүмкін екенін айтқан еді. Егер жоба жүзеге асатын болса, онда Алматыдан Ыстықкөл өзеніне дейінгі жол 85 км-ге жуық қашықтықты құрайды. Қазіргі қашықтық – 460 км. Шамамен жоба құны 160 млн доллардан асып отыр.