Ресейдің Орталық банкі жаңартылған орта мерзімді болжамын жариялады. Онда елдің ЖІӨ-ге шаққандағы импорт көлемі 17% деңгейінде болжанған. Сарапшылар импорттың төмендеуіне шетелдік банктердің санкцияға байланысты Ресейден төлем қабылдауды тоқтатқаны себеп болғаны айтылады.
Орталық банктің жаңартылған орта мерзімді болжамында Ресейде импорт үлесі 1-3%-ға төмендейтіні айтылған. Есепте бұл қиындықтардың уақытша екені, 2025–2027 жылдарға қарай тауарлар мен қызметтер импортының біртіндеп кеңейе түсетіні жазылған.
Жалпы шетел банктерінің төлем қабылдауды тоқтатуы елдегі бизнес жағдайын нашарлатуы мүмкін әрі инвестиция салымдарына теріс әсер етеді. Десе де бұл Владимир Путиннің 2030 жылға қарай ЖІӨ-дегі импорт үлесін 17%-ға дейін төмендету мақсатына жақындатады.
Атап өтсек, соғысқа дейін 10 жыл ішінде ЖІӨ-дегі импорттың үлесі 20%-дан асатын. Бұл тұрақты экономикалық көрсеткіштердің бірі болған. Ал 2022 жылғы соғыстан кейін импорт үлесі төмендей түскен. 2023 жылы ЖІӨ-ге шаққандағы импорт үлесі 19,5%-ды құраған.
Ресейдің федералдық кеден қызметінің мәліметі бойынша, бірінші жартыжылдықта импорт көлемі 8,1%-ға азайып, 130,4 млрд долларды құраған. Орталық банктің пікірінше, импорттың төмендеуіне импортты алмастыру процестері де әсер еткен.
Сарапшылар шетел банктерінің бұлайша төлем қабылдамауы салдарынан елдегі инвестициялық ахуал төмендеуі мүмкін деп болжайды.
Биыл Орталық банк «санкциялық қысымның күшеюі және белгілі бір тауар нарықтарындағы экспорттық шектеулердің артуы» салдарынан экспорт көлемінің төмендеуі мүмкін деп болжап отыр.
Сарапшылар импорттың қысқаруына экономикалық қажеттіліктердің төмендегені емес, шетел банктерінің төлем қабылдамауымен байланысты екенін айтады.
Айта кетсек, Ресейден Қазақстанға әкелінетін арақ импорты 2024 жылдың бірінші тоқсанында екі есе өсті. Солтүстiктегі көршiнiң үлесi негiзiнен басқа елдерден жеткiзiлетін арақ санының қысқаруы есебiнен өсіп жатыр.