Алматы қаласының Бостандық ауданында екі қабатты кафе өртенді. «Атакент» орталығының маңында түтін будақтағанын тұрғындар бірден аңғарды.
Жұмыс бригадасы өрт орнынан үш газ баллонын шығарды. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
16 шілде күні Алатау ауданындағы қойма өртенген еді. Солтүстік айналым, 78/1 мекенжайында орналасқан сауда алаңында қатар тұрған контейнерлер өртеніп кетті. Контейнерлердегі дүңгіршектер отқа оранды. «Қазавиақұтқару» тікұшағы сол кезде базар аумағына алты мәрте оралып, өрт ошағына 30 тонна су төкті.