Мемлекет 32 млрд теңге бөлген ғылыми зерттеулердің 70%-ы мақала жазумен аяқталған
Мемлекеттік бюджеттен 32 млрд теңге бөлінген коммерциялық ғылыми зерттеулердің 70%-ы кітап және мақала жазумен аяқталып практика болмаған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің есебінде жазылған.
2023 жылы Агенттік ғылымды қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген.
Талдауға сүйенсек, бюджет қаражатына ғылыми жобаларды коммерцияландыру түрі шығарылған. 2016 жылдан бастап осы мақсатта 145 жобаға 32 млрд теңге жұмсалса, оның ішінде 130 жоба, яғни жалпы жобалардың 90%-ы алдын ала мәлімделген мақсаттарға қол жеткізе алмай, өнімсіз бастамалар болып танылған.
«Зерттеулердің 70%-ы мақалалар мен кітаптар жазумен аяқталып, практикалық тұрғыдан маңызды болмады», – делінген хабарламада.
Мәселен, Ақпараттық және есептеу технологиялары институты биогаз және био тыңайтқыштар өндіретін жабдықтарды әзірлеу үшін 290 млн теңге жұмсаған. Алайда Сыбайлас жемқорлыққа күрес агенттігі нарықта бұл зерттеудің әлдеқайда арзан аналогтары барын анықтаған.
Бұдан бөлек, агенттік ғылыми жобаларды сараптау жұмыстары дұрыс жүргізілмегенін, яғни тізімде тұрған 13,5 мың сарапшының 10 мыңға жуығы (75%) сараптама жүргізбегенін анықтаған. Осылайша манипуляция арқылы бағалау нәтижелері «қажетті» жобаларға бейімделген.
Талдау қорытындысы бойынша агенттік Ғылым және жоғары білім министрлігіне 100-ден астам ұсыныс енгізген. Агенттіктің ұсынысы бойынша сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру ережелерінде оның мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары күшейтілген.
2024 жылы тамыздан бастап, қазақстандық ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің ғылыми дәрежелер үшін қосымша төлемдер өскен.