Қызылжар VS Петропавл: СҚО әкімі облыс орталығының атауы неге өзгермей жатқанын айтты

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің редакторы
СҚО әкімі Қызылжар атауы неге өзгермей жатқанын айтты / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхаметов Петропавл қаласының атауы неліктен әлі күнге Қызылжар болып өзгермегеніне қатысты сұрақтарға жауап берді. 

Облыс әкімінің сөзінше, қала атауын өзгерту өңірдегі басты мәселе емес. Ол бұдан маңыз мәселелер барын атап өтті.

«Аймақта жылуға, әлеуметтік дамуға, экономикалық жағдайға қатысты мәселелер жеткілікті. Сондықтан бұл қазір маңызды емес», – деді әкім.

Нұрмұхаметовтің сөзіне сүйенсек, қазір халықтың қала атауына қатысты ойы екіге жарылған. Бірі «қала атауын өзгерту керек» десе, екінші бөлігі «қазір атауды өзгертіп отыратын уақыт емес» деген пікірде. 

Бұған қоса, әкім қала атауын өзгертуге қатысты өзінің нақты пікірі жоғын, көпшілік қалауы бойынша болатынын атап өтті. Жағдайды саяси мәселе деп қарамау керек екенін айтты.

«Бұл саяси мәселе емес. Көпшілік атауды өзгертуді қолдайтын болса, сол кезде мәселені көтереміз. Өз басым адамдардың қалауы болуы керек деп ойлаймын», – деді әкім.

Қызылжар — Петропавл қаласының кеңінен қолданылып жүрген қазақша атауы.

2023 жылдың мамыр айынан бастап әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елдімекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау және транскрипциясын нақтылауда халық пікірі ескерілетіні туралы құжат қабылдаған.

Сондай-ақ оқыңыз