SQIF Capital Қазақстан қор биржасына рубль-теңге бағамына қатысты маркет-мейкер қызметтерін көрсететін болады
SQIF Capital компаниясы Қазақстан қор биржасына (KASE) мерзімді нарықта маркет-мейкер қызметтерін көрсететін болады.
«2024 жылғы 12 тамыздан бастап SQIF Capital АҚ KASE-де АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамына және рубльдің теңгеге қатысты бағамына фьючерстер бойынша маркет-мейкер мәртебесіне ие болды», – делінген KASE хабарламасында.
SQIF Capital қазақстандық қор биржасының маркет-мейкері ретінде сауда-саттықта күні бойы валюталық фьючерстерді сатып алуға және сатуға қатысты баға белгілерін қолдап отырады.
Енді валюталық фьючерстер бойынша тұрақты маркет-мейкері болғандықтан, KASE биржалық нарыққа қатысушылардың мәмілелерді тиімді бағалармен жасау мүмкіндігін кеңейтеді.
Айта кетейік, аталмыш компания 2022 жылдан бері KASE-нің қор, валюта және мерзімді нарықтарындағы мүшесі. Үлестік бағалы қағаздармен сауда-саттыққа, репо және валюталық своп операцияларына қатысады.
2023 жылдың 4 мамырынан бастап Мәскеу биржасының «Қазақ теңгесі – Ресей рублі» және «Армян драмы – Ресей рублі» валюта жұбы бойынша фьючерстік келісімшарттар саудасы басталған. «Қазақстан теңгесі – Ресей рублі» бағамы бойынша фьючерстік келісімшарт лоты – 100 000 теңге. Ал ең төменгі баға қадамы – 0,001 ресей рублі. Баға қадамының құны – 1 рубль.