Жаңалықтар

Қазақстан-Ресей шекарасында көлік қозғалысы шектеледі – ҰҚК

Қазақстан-Ресей шекарасында көлік қозғалысы шектеледі – ҰҚК / коллаж: kursiv.media, биль-редактор: Денис Андреев

15-28 тамыз аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Көрсетілген кезеңде аумақта жол төсемін жөндеу жоспарланған. Осы мән-жайды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Басқа пунктер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген.

Еске сала кетсек, 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Ресейдің «Маштаково» бекетіндегі жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізілді.

7 шілдеде бұл бекетте жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Ол кезде 200-ге жуық жүк көлігінің шекарадан өтуі ұзаққа созылып кетті. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің БҚО департаменті  автомобильдердің кідірісіне Ресей тарапынан жүргізіліп жатқан тексеріс шаралары себеп болғанын айтты.

Жалпы Ресеймен шекарада жүк көліктерінің ұзақ тұрып қалуы – жиі болатын оқиға. Былтыр Ресей Федерациясы мен ҚР арасындағы шекара бекеттерінде электронды кезектің енгізілуіне байланысты жүк көліктерінің өтуі қиындап кеткен.