KEGOC-тың бірінші жартыжылдықтағы кірісі 1,5 есеге артты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
KEGOC-тың бірінші жартыжылдықтағы кірісі 1,5 есеге артты / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

KEGOC электр желілері операторының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза пайдасы 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52,7%, яғни 35,2 млрд теңгеге дейін өскен. Сонымен қатар, екінші тоқсандағы пайда өткен жылмен салыстырғанда 44% артқан. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасында (KASE) жария болған есебінде жазылған.

KASE-де жарияланған есепке сүйенсек, қаңтар-маусым айларындағы көрсеткіш негізінен жалпы пайданың 48,5%, 52 млрд теңгеге дейін, операциялық пайданың 51,3% , 45,6 млрд теңгеге дейін, сондай-ақ қаржылық табыстың 60%, 6 млрд теңгеге дейін ұлғаюына байланысты өскен. Яғни түсім 38,4%, 158,4 млрд теңгеге дейін өсіп, қызметтердің өзіндік құны 34%, 106,3 млрд теңгеге дейін артқан.

Тоқсанға шаққандағы пайданың төмендеуі кірістің 14%, 73,2 млрд теңгеге дейін, жалпы пайданың төрттен бір бөлігіне, 21,7 млрд теңгеге дейін, операциялық пайданың үштен біріне, 18,6 млрд теңгеге дейін, өзге де кірістердің үштен екісіне, 138,2 млн теңгеге дейін қысқаруына, сондай-ақ, өзге шығыстардың 8,2 есеге, 1,1 млрд теңгеге дейін ұлғаюына байланысты. 

Активтер жыл басынан бері 0,1%, 1 трлн теңгеге дейін өскен. Бұған активтердің 10,6% өсуі әсер еткен. Дәлірек айтқанда, қорлардың көлемі 46,5%, 4,8 млрд теңгеге дейін, өзге де ағымдағы активтер – 1,5 есе, 4,1 млрд теңгеге дейін, ақша қаражаттары мен олардың баламалары – 36%, 61,8 млрд теңгеге дейін өскен.

Міндеттемелер 3,8%, 303,9 млрд теңгеге дейін қысқарған. Көрсеткішке қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелердің төмендеуі әсер еткен. Қысқа мерзімді облигациялардың көлемі, сауда және басқа да кредиторлық берешек төмендеген. Меншікті капитал 2%, 699 млрд теңгеге дейін өскен.

Бірінші жартыжылдықта KEGOC ұлттық электр желісін пайдалану бойынша 37,6 млн МВт/сағ көлемінде қызметтер көрсеткен, жалпы құны 74,3 млрд теңге. Электр энергиясын беруден түскен түсім жылына 2,5 есеге, 32,1 млрд теңгеге дейін қысқарған.

KEGOC 2023 жылы стратегиялық маңызы жоғары «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасын сәтті аяқтаған. «Батыс Қазақстан энергия торабы – Атырау – Маңғыстау» маршруты бойынша бес 220 кВ электр жеткізу желілері пайдалануға енгізілді. Бұл Батыс аймақтағы электр байланыстарының өткізу қабілетін екі есе арттыруға мүмкіндік берді.

Компанияның Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов 2024 жылы Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіруге баса назар аударылатынын айтқан. 

Қазір компанияның 85% акциясы «Самұрық-Қазына» қорының иелігінде. 6,87%-ы БЖЗҚ-ға тиесілі, ал 8%-ға жуығы еркін айналымда жүр. 

Сондай-ақ оқыңыз