Lifestyle

Париж олимпиадасының чемпионы француз сотына шағым түсірді: іске Илон Маск пен Джоан Роулингтің қатысы бар

коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Париж олимпиадасының чемпионы, алжирлік боксшы қыз Иман Хелиф өзіне қатысты жасалған кибербуллингке шағымданып, француз сотына арыз түсірген. Арызда Х әлеуметтік желісінің иесі, миллиардер Илон Маск пен Гарри Поттер туралы кітаптар жинағының авторы Джоан Роулинг бар.

Variety басылымының ақпаратына сүйенсек, шағымда жаппай кибершабуыл туралы жазылған. Істе Джоан Роулинг пен Илон Масктың аты аталғаны туралы ақпаратты басылымға Хелифтің адвокаты Набил Боуди растаған.  

Сонымен қатар адвокат шағымның Х әлеуметтік желіге қатысты да қаралатынын айтқан. Ол желіде Хелифтің жеке басын қорлап, оған шағым түсіру туралы жазған адамдардың барлығы тексерілетінін атап өтті.

Айта кетейік, 66 келіде Париж олимпиадасының алтынын жеңіп алған алжирлік Иман Хелиф пен 57 келіде чемпион атанған тайвандық Лин Ютиннің жыныстарына қатысты қауесет пайда болған. Әлеуметтік желіде «олардың еркек боп туып, кейіннен әйелдер арасында бақ сынау үшін жынысын өзгертіп алғаны» туралы жалған ақпарат тараған. Тіпті Хелифтің әкесі қызының туғаннан қыз бала екендігін дәлелдеу үшін суреттерін жариялаған.

2023 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының Хелиф пен Ютинді қатыстырмай қойған. Сол кезде де «олардың қанын тестостерон көп» деген қауесет тараған. Алайда 2024 жылы Халықаралық бокс комитеті ақпаратты жоққа шығарған.