«Тізеден төмен белдемше»: оқушылардың мектеп формасына қатысты петиция жарияланды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
«Тізеден төмен белдемше»: оқушылардың мектеп формасына қатысты петиция жарияланды / фото: Shutterstock.com

Қазақстандықтар мектептерде жоғары сынып оқушыларының белдемшелерінің ұзындығына қойылатын талапты заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынды. Петиция ePetition сайтында жарияланды.

Петицияда оқушы қыздардың белдемшелерінің ұзындығы тізеден төмен болуы және сыртқы киімдерінің мойын сызығын жауып тұруы керек екені айтылған.

Автор сонымен қатар мектепте діни форма киюге тыйым салынғанын еске салды.

«Мұндай манипуляциялардың алдын алу үшін жалпыға міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға толықтырулар енгізу ұсынылып отыр. Ол жоғары сынып оқушыларының киімінің кейбір тұстарын нақтылауды көздейді.

Ұлдар мен қыздарға арналған шалбардың ұзындығын реттейтін, тобықты жауып тұратын шалбар киюді талап ететін талаптарға қоса, тізеден төмен болатын белдемшелер мен кеудені жауып тұратын жейде талабын енгізу ұсынылады.

Ұсынылған толықтыруларды қабылдау қоғамды тұрақсыздандыратын көптеген манипуляцияның алдын алуға көмектеседі. Нәтижесінде міндетті мектеп формасына қатысты дауға нүкте қойып, зайырлылық негіздерін нығайтып, негізсіз айыптауларды жоюға болады», – делінген петиция мәтінінде.

Петиция 13 тамызда жарияланған. Бұл ұсыныс қаралуы үшін петиция 50 мың қол жинауы қажет.

Еске сала кетейік, былтыр оқу-жылы қарсаңында мектеп оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты қоғамда түрлі пікірталас туындаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз