Lifestyle

Юрий Шатуновтың туыстары сот арқылы 23 әннің авторлық құқығына ие болды

Юрий Шатуновтың туыстары сот арқылы 23 әннің авторлық құқығына ие болды / фото, коллаж kursiv.media бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Ласковый май» тобының солисі Юрий Шатуновтың жесірі Светлана Шатунова және оның балалары Дэннис пен Эстелла танымал әншінің тірі күнінде айтып жүрген музыкалық шығармаларына деген құқығын растады. Бұл туралы Краснодар өлкесі сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Шатунов қайтыс болған соң, 2 жылдан кейін оның жақындары «Ласковый май» тобының продюссері Андрей Разинмен және World Media Alliance Label Inc компаниясымен соттасуға мәжбүр болды. Андрей Разин осы қалада тұрғандықтан, арызды Сочидің Хостинский аудандық соты қараған.

Сот шешіміне қарағанда, Андрей Разин 1992 жылы жасалған келісімшартқа сүйеніп, түрлі әншілерге Сергей Кузнецов шығарған «Ласковый май» әндерін орындауға рұқсат берген. Шатуновтың жесірі мен балаларының дәйегінше, Сергей Кузнецовтің өзі Шатуновқа 23 әнін айтуға ерекше құқық берген. Оның ішінде «Белые розы», «Пусть будет ночь», «Месяц июль» және басқа да танымал хит әндер бар.  

Аудандық сот, істі саралай келе, Шатунов туыстарының пайдасына шешім шығарды. Сот Андрей Разиннің 1992 жылы Серегей Кузнецовпен жасаған келісімшартының түпнұсқасын ұсынбағанын көрсетті. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ және оған әлі шағым түсіруге болады.