Жаңалықтар

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы: Qazaqstan Investment Corporation компаниясының табысы 2024 жылы екі есе азайған

«Бәйтерек» еншілес ұйымы – QIC компаниясының таза табысы 6,7 млрд теңгені құраған / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы Qazaqstan Investment Corporation компаниясының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы табысы екі есе азайған. Бұл жайлы (KASE) Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланған компанияның қаржылық есебінде жазылған.

Құжатта 17 124 712 табысы 2024 жылдың жарты жылында 6,7 млрд теңгені құрағаны жазылған. Ал 2023 жылдың сәйкес кезеңінде бұл сома 13,8 млрд теңге болған.

Сонымен бірге есепте, 2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Топтың меншікті капиталының 10%-дан асатын клиенттерге берілген қарыздары бойынша өтелмеген қалдықтары жоқ екені айтылған. 2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша клиенттерге берілген несиелер сомасы 17,1 млрд теңгені құраған.

2024 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай ішінде компания 2,6 млрд теңге сомасында дивидендтер жарияланғанын хабарлады. Оның құны бір акцияға 49,94 теңгені құрайды. 2023 жылы 1,7 млрд теңге көлемінде дивиденд төлеген. Ол кезде бір акция құны 33,14 теңгені құраған.

Ал компанияның активтері жарты жылда 2,5%-ға, яғни 267,3-тен 274,1 млрд теңгеге дейін, ал міндеттемелері – 5,2%-ға, яғни 53,7-ден 56,5 млрд теңгеге дейін өскен.

Qazaqstan Investment Corporation – 2007 жылы құрылған. Корпорацияның акциялары «Бәйтерек» ұлттық холдингіне тиесілі. Түпкілікті бақылаушысы – Қазақстан үкіметі. QIC инвестициялық қорлар құрумен және қаржы құралдарын инвестициялаумен айналысады.

QIC-тің «АстанаГаз ҚМГ», Baikonyr Solar, КТК Service, «Unicorn Feed ЧК», «Макинский жылу оқшаулағыш зауыты», «Қазақстанның ыстық мырыштау зауыты», «Каспий Мұнай Капитал», «Қазақстан құбыр жүйелері» және т.б. сияқты бірлескен кәсіпорындарда үлесі бар. Корпорация сонымен қатар CITIC-KAZYNA Investment L.P., EMC Agro, Alit Holding, Kazakhstan Growth Fund L.P., Burundai Mineral Waters қауымдасқан кәсіпорындарын инвестициялаған.