Жаңалықтар

Жапония Премьер-министрі саяси жанжалдардан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді

япония
Кисида инфляцияға байланысты халықтың наразылығына да тап болды/
Фото: Reuters / Philip Fong, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Жапонияның Премьер-Министрі Фумио Кисида отставкаға кететінін мәлімдеді. Шенеунік қыркүйек айында Либералдық-демократиялық партия жетекшісі ретінде екінші мерзімге үміткер болудан бас тартқан.  

Reuters агенттігінің хабарлануынша, Жапонияның Премьер-министрінің уәкілеттілігін тоқтатуға саяси жанжалдар себеп болған.

«Қоғамның сенімінсіз саясат жұмыс істей алмайды. Енді мен партияның қатардағы мүшесі ретінде жаңадан сайланған ЛДП көшбасшысын қолдауға назар аударамын. Премьер-министр ретінде қыркүйек айында мерзімімнің соңына дейін бар күшімді саламын», – деді Кишида Либералдық- баспасөз мәслихатында.

Агенттік атап өткендей, Премьер-министрді қолдайтындар саны азайған. Қоғамның  шенеунікке деген сенімінің жоғалуы партия ішіндегі саяси жанжалдарға байланысты. Даудың басы «Бірлестік шіркеуі» жартылай діни ұйымның кейбір партия мүшелерін қаржыландыруынан туындаған. Бұған қатысты елде бірнеше бопсалау және алаяқтық істері қозғалғаны айтылады.

Сонымен қатар Кисида елдегі инфляцияға байланысты халықтың наразылығына да тап болды.

Айта кетейік, Жапон премьер-министрі Фумио Кисида Жапониядағы жер сілкінісінен кейін, қауіпсіздік шараларына көңіл бөлу үшін Орталық Азияға жоспарланған сапарын тоқтатқан болатын.

The Japan News ақпаратына сүйенсек, шешім бейсенбі, 8 тамыз күні, Миядзаки Префектурасында болған қатты жер сілкінісінен кейін қабылданды. 

Жоспар бойынша 9-11 тамыз күндері аралығында Кишида Қазақстанға, Өзбекстанға және Моңғолияға баруы керек еді, сондай-ақ 9 тамыз күні Астанада Орталық Азиядағы бес елдің басшыларымен «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммитіне қатысуы керек еді. .