Қазақстандық құрылыс компанияларына талап күшейе бастады. Енді пәтер немесе тұрғын үй алаңы құжаттарда көрсетілгеннен 1,5%-дан аз болса, үлескерлерге ақша айырмасын қайтаруға мәжбүр болады. Бұл норма Индустрия және құрылыс министрлігінің жаңа бұйрығының жобасында жазылды.
Бұйрық жобасының түсіндірмесінде министрлікке үлескерлерден шаршы метр көлемі кем болғаны және соған қарамастан, қомақты артық төлем жасалғаны туралы көптеген шағым түскені айтылған.
Заңнамадағы өзгерістер бойынша жобалық-сметалық құжаттамадан (ЖСҚ) және келісімшарттан ауытқулар үшін уәкілетті компания жауапты болады. Бұл ретте жобалық-сметалық құжаттамадан және шарттан ауытқу жалпы ауданның 1,5%-нан кем болуына рұқсат. Қазіргі заңнамада қолданыстағы нұсқада бұл көрсеткіш – 3%.
«Жалпы алаңның 1,5%-дан астам төмендеуіне әкеліп соқтыратын сметалық бағадан ауытқу жағдайында уәкілетті компания үлескерге аудан бойынша нақты айырманы өтейді», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ егер мүліктің нақты ауданы жарияланғаннан 1,5%-ға артық болса, үлескерлер де артық көлем үшін қаражат төлейді.
Бұл өзгерістер «Ашық құқықтық актілер» порталында орналастырылған және 28 тамызға дейін көпшіліктің талқылауына ұсынылған.
Айта кетейік, бұған дейін жалға берілетін пәтер бағасы құбылып тұрғанын, оқу жылы қарсаңында қымбаттауы мүмкін екендігі туралы жаздық.